«Жыр жебе» – Адай атада!
24
сәуірде «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс,
атадан – бата» атты ақындармен кездесу болып өтті. Шараға Ақтау қаласындағы
«Жыр жебе» айтыскер ақындар мектебінің түлектері мен Ақтау қаласы № 8 орта
мектеп оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: жас ақындарды тәжірибелі ақындардың
алдарына шығарып, шабыстарын байқап, ақыл-кеңестерін беріп, болашақ өмірге
қолдау боларға бата беру, сонымен қатар айтыс өнерін насихаттау.
Соңғы
жылдары
ақын Фархад Мусаев Ақтау қаласынан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «ЖЫР
ЖЕБЕ» атты айтыскер ақындар мектебін ашып, шәкірт тәрбиелеп келеді. Олардың бірқатары
облыстық, республикалық айтыстарда жеңімпаз, жүлдегер атанып, облысымызға
олжамен оралып жүр. (Тіпті жақында сәуір айында Алматыда болған республикалық
"Ұлы дала дарындары" атты өнерпаздар байқауында мектеп түлегі Мейірбек
Саламатов 1-орын иемденіп, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқу грантын
жеңіп алды). Олар: Жұмабай Мағжан Аманкелдіұлы, Саламатов Мейірбек Жәумітұлы,
Сүйемов Алшын Қанбергенұлы, Сардар Ердәулет Бердіxанұлы, Қуаныш Жолдас,
Қайырбек Теңел. Ақындар «құлмамбет айтыс» түрімен кезектесіп айтысып, шараға
қатысушыларды бір сілкінтіп тастады.
Ақындардың қатарында
Адайдың жеті қайқысы Өскембай Қалмамбетұлының ұрпағы Қайырбек Теңел мен Қуаныш
Жолдас – Маңғыстау өнер колледжінің жыр-терме бөлімінің студенттері. Соларды
кезек-кезек жырлатып, күй тартқызып, жыршы-күйшілердің сұлу сөздері мен
күмбірлеген күйлерін тыңдап, қатысушылар бір марқайып қалды.
Ақындар мен жыршылардың
жырынан шабыты оянған И.Сүйеубаев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы, «Сазген»
өнер мектебінің түлегі Рақымжан Жаңабаев өзі сұранып, көрермендер алдына шығып
жырдан шашу шашты.
Шара дәстүрі бойынша қарт
ақын жас жүйріктерге бата беруі тиіс болатын. Алайда шараға арнайы шақырылған
ақын денсаулығына байланысты кездесуге келе алмағандықтан, бұрынғылардың
жолымен деп шараны жүргізуші, көпшілік-экскурсия бөлімінің меңгерушісі Жомарт
Айдарбек жас жүйріктерге ағалық ақ батасын берді.
Кәсіпорын атынан айтыскер
ақындарға естелікке өткен ғасырлардағы маңғыстаулық ақын-жыраулардың жыр
жинақтары тарту етілді.
24 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»
24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»
18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.
Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»
Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты.
Аналарға арнап
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.