«Өмірі өнерімен өрнектелген»
Үстіміздегі жылдың қазан айының 31 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ҚР мәдениет саласының үздігі, саяси және қоғам қайраткері, сазгер, бард-ақын, мекеме ардагері Данияр Аралбаевтың шығармашылығына арналған «Өмірі өнерімен өрнектелген» атты шара болып өтті. Шара мақсаты: өлкемізге, респубикаға белгілі ардагеріміздің өнегелі өнерін жас ұрпаққа насихаттау, рухани қазынамыздың бірі – қазақи әндер мен киелі өлең екенін жастарға ұғындырып, сіңіру болатын.
Шараға ҚР Журналистер одағының мүшелері Мейрамбай Қибасов, «Парасат» қозғалысының байырғы мүшесі, мәдениет саласының ардагері Гүлжамал Тынымбайқызы, Амал мерекесін өткізуді ұйымдастыратын жұмысшы тобының мүшесі, Дәкеңнің қанаттас інілерінің бірі Құралбай Қарабалаев, «Парасат» қозғалысының мүшесі,өлкемізде алғаш КВН ұйымдастырушылардың бірі, кәсіпкер Данияр Айса, «Отпан» ауылдық округінің әкімі Орынғали Күзембаев қатысып Данияр Аралбайұлының тума таланты мен еңбекқорлығын, елжанды елгезектігін, өнер мен достыққа адалдығын атап айтып, Дәкеңе жылы лебіздері мен шынайы ақ тіліектерін арнады. Сонымен қатар шараға Ақтау қаласының И.Сүйеубаев атындағы №8 орта мектептің оқушылары (жетекшісі Сәтқанова Гүлназ) қатысты.
Шара барысында Дәкеңнің бірнеше әндері сөзінің авторы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, тележурналист Қожахмет Демеубергенұлының Дәкеңнің 70 жылдық мерейтойына арнап түсірген бейнефильмі тамашаланды. Өлкемізге ғана емес республикаға белгілі әншілер Асқар Көшеров, Жасұлан Өмірзақов, Серіжан Масжанов пен Аида Байгелова Данияр Аралбайұлының бірнеше әндерін орындап,қатысушылардың алғысына бөленді.
Шара соңында Данияр аға 70 жылдыққа байланысты Абай атындағы мәдениет сарайында өткен шығармашылық кешті ұйымдастыруға атсалысқан Мейрамбай Қибасов пен демеушілік көрсеткен Данияр Айсаның иықтарына қазақы дәстүрмен шапан жапты.
Кешеннің бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек
7 ақпан 2014
«Сазгерлер сыры»

7 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде өлкемізге белгілі сазгерлер – балалар ақыны, әдіскер-мұғалім Көмек Ыбыраев және балалар жазушысы Ерекен Қорабаевтың, Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп пен
Жәрияланған уақыты: 15:3212 желтоқсан 2013
«Тәуелсіздік – алтын тұғырым»

Бұл күні Ақсарай мұражайында тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай «Тәуелсіздік – алтын тұғырым» атты мәдени шара өткізілді. «Отпан» кәсіпорны және Түпқараған ауданы, Таушық ауылы Шахта орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі бұл шараға,
Жәрияланған уақыты: 12:549 қараша 2013
«Еліміздің болашағы – жастар»

«Еліміздің болашағы – жастар» атты әдеби-танымдық кеш. Қараша айының 9 жұлдызында ұйымдастырылған бұл шараға, облыстағы барлық аудан, қалалардан жас ақындар мен жастар саясаты жөніндегі бөлімдер өкілдерінің, республикаға белгілі ақындар: Әзірбайжан
Жәрияланған уақыты: 12:267 қазан 2013
"Құсбегі Арон Оспанғалиевпен кездесу"

2013 жылдың қазан айының 7-күні Отпан таудағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек
Жәрияланған уақыты: 12:0621 қыркүйек 2013
"Ақтау қаласының 50 жылдығы"

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата
Жәрияланған уақыты: 12:321 шілде 2013
«Бала – ертеңіміздің иесі»

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.
Жәрияланған уақыты: 12:1024 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды