«САЛБУРЫН-2024»

5 желтоқсаны күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде халқымыздың бекзат өнері саятшылық пен құсбегілікке және өлкеміздің өнерлі өрені құсбегі, суретші, ұстаз Ертіс Мырзакелдіұлы Есжановты еске алуға арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы өтті.

Шараның мақсаты: "Салбурынның" дамуына еңбегі сіңген құсбегі, суретші, ұстаз Ертіс Есжановты еске алу. Қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты құсбегілік пен саятшылықты және мылтықсыз аңшылықты насихаттау, оған бұқараның қызығушылығын арттыру. Шараны жалпы жұртшылық қатысатын халықтық мерекеге айналдыру.

Шара "Қарашаңырақ" ғимараты жанындағы ұлттық спорт алаңында шараны жүргізушілер Сырым Дулат пен Талант Тайман шараны жалпы салбурын туралы, еліміздегі, өлкеміздегі саятшылық туралы айтып өтті. Шараны ұйымдастырушы, кешеннің бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек жалпы шараның тарихына, мақсатына тоқтала келіп, биылғы шараның Тұщыбек ауылының тұрғыны, құсбегі, суретші, ұстаз Е.Есжановты еске алуға арналатынын атап өтті. Облыстық "Маңғыстау" телеарнасынан, "Маңғыстау-медиадан" келген журналистер ұйымдастырушыдан, құсбегілерден, көрермендерден Ертістің туыстарынан интервью алып, шара туралы, Ертіс туралы мәліметтер алды. Облысымызға белгілі батагөй ақсақал Оралбек қажы Асылбекұлы құсбегілерге ақ батасын беріп, құсбегілер мен құстар арасында жарыс басталып кетті. Жарысқа бірнеше бүркіт, ителгі және қаршыға құстар қатысты. Құстарды алыстан қолға шақырып қондыру, шырғаға түсіру, т.б. жарыстарында сыналып, солардың арасында жүлдегерлер анықталды.

Шараның 2-бөлімі "Қарашаңырақ" ғимаратының орталық залында өтіп, Кәсіпорынның директоры Жадыра Кетеева құсбегілер жарысында қазылардың шешімі бойынша анықталған жүлдегерлерді кәсіпорын атынан заттай сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапаттады. Осы кезге дейін Салбурынға, құсбегіліктің дамуына атсалысқан құсбегілердің ел алдында аттарын атап, қошемет көрсетілді.

Шараға арнайы шақырылған Ертістің отбасы мен туыстары, аға-апалары, дос-жарандары, сыныптастары мен Ертіс туралы жылы лебіздерін айтып, сағынышпен еске алды. Жұмыстастары атынан сөз алған Тұщыбек негізгі орта мектебінің директоры Алтынай Жұбандықоваға Ертістің қандай азамат, қандай ұстаз екенін айтып, жұмыс барысындағы суреттерінен жасалан фотослайд пен Ертіске арнап әріптес ұстаз шығарған өлеңін оқып берді. Ауылдастрары атынан кешен қызметкері Набат Түркпенбаева және батагөй ақсақал оралбек аға Ертіске арнаған арнауларын оқығанда отырған көпшіліктің жанарлары жасқа малынып, бір-бір күрсініп алды. Шараға арнайы шақырылған облыстық филармония әртістері Екпін Толқынхан, Темірбек Асқанбаев және Жігер Бектұрғановтар мұңайған ағайынның көңілін әнмен көтерді.

Осылайша «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде аңшы, құсбегілер мен аңшы құстарды дәріптеуге арналған тағылымды кеш өтті.  

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 09:12  Оқылған саны: 162




24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.

Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері  Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты. 

Аналарға арнап

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі

Жәрияланған уақыты: 14:40