«САЛБУРЫН – 2021»
Қаңтардың соңғы күндерінің бірінде «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кешенде саятшылыққа, құсбегілікке арналған дәстүрлі «Салбурын» этношарасы өткізілді. Шараға Тұщыбек ауылының құсбегілері, олардың баулып жүрген шәкіртері мен өлкедегі құсбегілік өнерге құмар жандар қатысты. Шараға облыстық ұлттық спорт федерациясының құсбегілік бойынша жаттықтырушысы, бірнеше республикалық жарыстардың жеңімпазы Айшуақ Тайманов Тастүлек атты бүркітімен, Тұщыбек ауылы мектебінің сурет пәнінің мұғалімі Есжанов Ертіс Ақкербез аты сұңқарымен, шәкірттері Сахарбай Ержан Қаратіл атты бүркітімен, Жәрдем Әлсейіт Келте атты қаршығасымен, Аманғали Мадияр Ақниет атты қаршығасымен, Қуанышқали Әліби Өткір атты қаршығамен, Тайманов Айшуақ, Тұрмағанбетов Қалмұрат, Қаракер атты бүркітімен, Жәрдем Рауан Аспан атты қаршығасымен, Беркали Ғибрат Көк атты қаршығасымен келіп Отпан тау етегін қиқу мен шаңқылға толтырып жіберді. Ауа райының қолайсыздығына орай ашық ауада жоспарланған шеберлік сабағы Қарашаңырақ ғимаратында өткізілді. Ителгі, қаршығаларды қолға шақырып қондырып, шыр айналған шырғаға түсіріп сынап, шыңдады. Ал қыран бүркіттерді аласапыран желді күнгі табиғат аясында, тау бөктерінде қоянға түсіріп, қырандар мен жас құсбегілер шеберліктерін көрсетті.
Сондай-ақ салбурынның салты бойынша саятшылық пен өнер де қатар жүреді ғой. Сол дәстүрдің ізімен кешен директорының орынбасары Рахмет Тұрар, бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек пен ұстаз бүркітші Айшуақ Тайманов салған халық әндері Қарашаңырақты жаңғыртса, өтіп жатқан шараның ұлттық сипатына орай әжелер образында киінген кешен қызметкерлері Набат Түрікменбаева, Маржан Нарешова және Зине Еңсегенова халық әні «Дедімай-ауды» сызылтқанда шараға қатысушылар ризашылықпен қол соқты.
Дәстүр бойынша құсбегілерге бата беру рәсімі Маңғыстауға белгілі емші марқұм Тұяқбай ақсақалдың ұлы Нұрдәулетке берілді.
Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген
Бір қызық ісім екен сұм жалғанда,- деп Абай ақын айтқандай, шараға қатысушы көпшілік саятшылықтың қызығы мен әсем әннің сазына рахаттана, құмардан шыға бір қанып қайтты.
24 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»
24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»
18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.
Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»
Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты.
Аналарға арнап
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.