«Шұбат мерекесі»

26 маусым күні Тұщыбек ауылында "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымының докторы, Тұщыбек туберкулезды шұбатпен емдеу шипажайының негізін салушы, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Естөре Оразақовтың 115 жылдығына орай «Шұбат мерекесі» өтті. Шара барысында жүргізушілер Г.Шораева мен Д.Сырым Е.Оразақовтың өмірі мен қызметі туралы, шипалы сусын шұбат туралы, Е.Оразақов атындағы туберкулезді шұбатпен емдеу шипажайы туралы айта келіп, шипажай директоры А.Сегізбаевқа сөз берді. Сонан соң тақырыпқа сай шұбатқа қатысты бірнеше қызықты жарыстар мен сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ: таза шұбатты табу, шұбат дайындау әдісін баяндап беру, "Шымыр шұбат", шұбат ішу жарыстары өте қызықты да тартысты өтті. Жеңімпаздар елдің және ел ішінен таңдаған қазылар алқасының дауыс беруімен анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай, заттай сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.  Өнерпаздар жиналған ауыл тұрғындарына өнерлерін шашу етті.    

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 06:51  Оқылған саны: 345




24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.

Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері  Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты. 

Аналарға арнап

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі

Жәрияланған уақыты: 14:40