Ата кәсіп – аңшылық
Қаңтар айының сенбісінде Иірдің ойындағы Айрақты тауының етегінде «Отпан» МКҚК-ның ұйымдастыруымен "Ата кәсіп – аңшылық" атты құсбелік пен саятшылыққа арналған этнотанымдық шара өтті. Бұл шара 2013 жылдан бері оқушыларға арналып, танымдық этношара есебінде өткізіліп келген еді. Яғни бүркітті үй қоянына, ителгі мен қаршығаны кептерге түсіріп, шырға тартып дегендей. Биылғы шараның ерекшелігі – жалпы саятқұмар көпшілікке арналып, табиғат аясында шынайы жағдайда өткізілгендігі. Облыстың әр тарабынан жинаған саятқұмарлар Қаратау бауырындағы кішкентай ғана ауыл Тұщыбекте (енді аңшылар ауылы, бүркітшілер ауылы десе де болар) тоқайласты. Сол ауылдағы бүркітшілермен кеңесе келіп, Иірдің ойына, Айрақты тауына қарай бағыт алды. Заманында бұл өнерді кәсіп қылып қақпан құрған, ит жүгіртіп, құс салған аталарымыз Бәубек Айназар Тасқынбайұлы, Бабық Нұр Оңдағанұлы, Төлеп Жұмай Айтөлесұлы, Медет Нұрғали Көбегенұлы, Құдайберген Сәтиман Тінейұлы, Тастемір Сұлтангелді Жайлыұлы, Қыдырша Сүйін Мырзаұлы, Кедей Мұқан Тастықараұлы, Шоңай Алдаберген Ақшабаев, Құнанорыс Іздібай, Тоқсанбай секілді аңшылар осы саятшылық өнердің бізге дейін жетуіне зор еңбектері сіңген.
Кешегі кеңес заманында қағажу көріп, жойылып кетуге айналған киелі өнерді міне енді қазіргі жас ұрпақ қолға алып, дамытуда. Солардың бір шоғыры осы Тұщыбек ауылында тұрады. Шараны жүргізуші саятқұмарларды солармен таныстырып өтті. Олар: өлкемізге ғана емес республикамыздың көптеген жерінде қолтаңбасы қалған белгілі тамшы шебер, шеберлігімен қатар құсбегілік өнерді бала жасынан армандап өскен, енді сол арманын жүзеге асырып, саятшылық, құсбегілікті насихаттап, шәкірт ертіп, осы өнердің дамуына атсалысып келе жатқан азамат Мереке Өтеғалиев. Және сол Мерекенің соңына еріп, құс баулып, республикалық жарыстарға қатысып, кейбірі жүлделі орын алып та үлгерген Советов Өтежан, Есжанов Ертіс, Тайманов Айшуақ атты азаматтар.
Күні бойы көліктен түспейтін жастар мен күнұзын кеңседе компьютердің алдынан алыстамайтын ағайындар табиғат аясында тыныстап, бой жазып, сергіп қайтты. Дархан дала мен қыстың қатал табиғатын тамашалап, оған қоса ата-бабаларының киелі кәсібі, өрелі өнері құсбегілік пен саятшылықты көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей естен кетпес әсер алып қайтты. Яғни, саяхаттан қирап емес, қанаттанып, ширап қайтты. Аңшылар да олжалы оралды. Алпыс екі айлалы түлкі бикеш айласын асырып, уысқа түспегенмен саятшылардың қанжығалары қанданып, бірнеше «қалқанқұлақты» байлап қайтты. «Болашақта осы дәстүрді жалғастырса, балаларымызды үйірмеге бергендей үнемі қатыстырар едік» деп ризалықпен тілек білдіреді шараға атсалысқан ақтаулық блогер Берік Дауенов.
Шараны өткізудегі мақсат – жұртшылыққа ата кәсіп әрі бекзат өнер саятшылықты насихаттау, сонымен қатар қазіргі қазақтар заманауи түрлі қарулармен жабдықтанып, аңды қырып салмай, ата-бабамыздың салтымен кәсіп пен өнерді ұштастырып, Мәтжан би айтпақшы «көңіл қарын мен көже қарынның» қамын астастырып, бүгінді ғана емес ертеңді де ойлап әрекет жасаса деген ниет те бар. Шараға құмартып, аудандардан азаматтардың хабарласып жатқанына, тіпті «Лада» газеті мен сайтынан хабарландыруды оқып (көмегі үшін «Лада» газетіне, қызметкері Садырова Гүлмираға ерекше алғыс айтамыз) облыс орталығынан басқа ұлт өкілдерінің де келуіне қарағанда бағыт дұрыс сияқты.
Шараға тазылары мен төбетін ертіп, өз көліктерімен, отбасыларымен келген азаматтарға: Ерлан, Нұрлан және Ерсұлтан есімді ұлдарын ертіп келген қарақиялық Жарылғасов Ықылас, 2015-2016 жылдардағы батыс аймақтық жеңімпазы Сұңқар атты маңғыстаулық төбеттің иесі, ит сайысы бойынша халықаралық дәрежедегі төреші Байжанақов Әбунасыр сияқты этношараға келіп, белсене қатысқан ұлт өнеріне жанкүйер, саятқұмар азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Мұндай жанашыр азаматтар барда ұлт өнері ешқашан өшпейді!
Жомарт Айдарбек, «Отпан» МКҚК
24 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»
24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»
18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.
Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»
Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты.
Аналарға арнап
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.