АЙ АСТЫНДА — АЛТЫБАҚАН.

20 маусым күні өткен жылғы жасалған екі жақты меморандум негізінде кешенге тәжірибе алмасу мақсатында келген Қызылорда облыстық "Қорқыт ата" мемориалды музейі мен Шымкент қаласы "Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып" орталығы қызметкерлерінің және Маңғыстау облыстық Әбіш Кекілбайұлы атындағы музей басшылығы мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен тәжірибе алмасу бағытында кеңес өтті. Бас қосуда "Отпан" кәсіпорнының қызметі, өңір мен республика халқының ынтымақ-бірлігіне және Қазақ елі тәуелсіздігінің нығаюына кешенде істеліп жатқан рухани-мәдени істер туралы толымды түсінік берілді. Сонымен бірге еліміздің әр жерінен арнайы келген тарихи-мәдени ошақтар мен "Адай ата - Отпан тау" кешені арасында бекітілген және алда қол қойылатын меморандумдар бойынша әріптестік пікір мен тәжірибе алмасулар болды. Қонақтар Ақсарай мұражайын аралап, Адай ата кесенесіне зиярат етіп, тарихи-мәдени нысандарды көріп, танысты.

Содан соң Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы жерінде орналасқан "Қорқыт ата" мемориалды музейінің тарихи экспонаттардан құралған"Қорқыт - оғыз мәдениетінің темірқазығы" атты жылжымалы көрмесі өтті. Көрмені мемориалдық мұражай директоры Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы ашып музейдің тарихына тоқталып өтті. Ары қарай көрмені "Қорқыт ата" музейінің экскурсоводы Қартамысов Нұрбек Данабайұлы таныстырып өтті.

Көрме таныстыруынан кейін кешен қызметерлері мен Сайын Шапағатов ауылдық округі мәдениет үйі ұжымының бірлескен "Ай астында - алтыбақан" ойын-сауық кеші өтті. Шараға сонымен бірге 1980-жылдары Бейнеуде құрылған "Алтыбақан" ұжымының ардагерлері Сабыр Адай, Балбатша Еламанова мен Гүл Азановалар қатысып, юбірге тамашалады. Шара "Отпан" кәсіпорны қызметкерлері (Ж.Айдарбек, Р.Қаржаубаева, Д.Сырым және Г.Шораева) дайындаған қойылыммен басталды. Жылда өтетін дәстүрлі шараның биылғы қатысушысы С.Шапағатов мәдениет үйінің (директоры облысқа, республикаға белгілі өнерпаз, ұйымдастырушы Нұргүл Ағылман) өнерпаздары өнерімен көпшілікті тәнті етті. Қыз бен жігіт жарысы күмбірлете күй тартып, желкілдете жыр жебе, арасында айтысы мен әзіл-оспақтарымен осқыласып, қыз бен жігіт арасында дәнекер боп үйірілген жеңгенің жеңіл әзілі мен жігіт намысын қамшылар сөздері көрерменнің таңдайын талай қақтырды. (Жақында ғана Тараз қаласында өткен фольклорлық ансамбльдер арасында өткен республикалық байқауда құрылғанына 1-2 ай болса да 1-орын алған "Науалы саз" фольклорлық ансамблі де осы ұжымның мүшелері). Барлық аталған шараларға қатынасқан Маңғыстау тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл күй мен ризашылық сезімде болды. Кеш соңында өнер ұжымдары естелік сыйлықтармен алмасып, естелікке суреттерге түсті.  

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 06:25  Оқылған саны: 283




24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.

Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері  Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты. 

Аналарға арнап

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі

Жәрияланған уақыты: 14:40