Халық емшілері Отпан тауда бас қосты.
18-cәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Маңғыстау облысындағы халық емшілерімен облыс жұртшылығы және мектеп оқушыларының қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» атты этнографиялық-танымдық шара ұйымдастырылды. Кездесуге өлкемізге ғана емес республикаға белгілі халық емшілері де қатысты. Атап айтар болсақ: халқына қолынан келген қызметін жасап, көмегін ая-май, ауруларына шипа, дерттеріне дауа тауып келе жатқан кәсіби халық емшілері Қалнияз қажы Жанқұлов, Айша Оспанова, Оңайбек қажы Әбділов, Орынжан Әбдіжаппаров, Айман Әбдірақанова, Айна Қожықова, Асылжан Тайманұлы, Айнұр Асқарқызы, Ералиева Гүлшат және т.б. ел арасында енді танылып келе жатқан Балтабаев Омар, Шынаева Сәлима, Құлшабаева Қибат, Сандыбаева Гүлсім, Исмаилова Салтанат, Ашихқалиева Роза, Алибекова Таразы, Джардилова Сәуле, Досмағамбетова Ләйлә, Берді Карина, Аюпова Гулфара, Есқалиева Қаламқас, Қозыбаева Қарлығаш емшілер.
Шара мақсаты: Ел ішінде танымал халық емшілерін болашақ жас ұрпаққа таныстыру,
тәлімін тыңдатып, тәжірибелерін болашақта пайдаға асыруға себеп болу. Халықтық
медицина мен дәстүрлі медицинаның арасы жақындап, бірін-бірі толықтырып, бірге
қимылдауға, халыққа барынша пайдасын тигізуге насихаттау.
Қасиетті де киелі қазақ жері қашаннан да бақсы-балгер, сынықшы-халпе,
емші-тәуіптерден кенде болмаған. Небір қиын ауруларды шөппен, маймен-ақ емдеп
жазатын емшілер, быт-шыт болып сынған сынықтарды бір сыйпап орнына келтіретін
сынықшылар, халықтың қажетіне жараған халпелер Маңғыстау жерінде де жеткілікті
болған.
Атап айтар болсақ есімі елге мәшһүр бектеміс Несібек, Нұр, құнанорыс Қожық,
тоқабай Айтқұл, жаңай Асар мен оның баласы Жанқұл, жары Мүлкібай, Бегей Қыдырша
Жылқыбайұлы, Жаңай Саназар Мәмбетұлы, Бөкен Мыңкісі Байсалұлы, Шоңай Бекбаулы
Моншаұлы, Құнанорыс Қожық Сармағанбетұлы т.б. елге әйгілі емшілер, сынықшылар
өткен Маңғыстауда.
Шараны мекеме директоры Нұрлан Мусаев ашып, кешенде осындай халыққа арналған танымдық
шаралардың өтіп тұратынын айта келіп, халық емшілері мен келушілерге уақыт
бөліп келгендері үшін алғыс айтып, еңбектеріне табыс тіледі. Шараны жүргізуші
тарих бөлімінің меңгерушісі Ізімбергенова Құралай халық емшілерінен емшілік
кәсіпті қалай үйрегені немесе киелі қасиет қалай қонғаны, емді қалай жасайтындары
туралы сұрап, кезегімен сөз беріп отырды.
Сөз алған өлкемізге белгілі сынықшы, белгілі әнші Тамара Асардың әкесі Қалнияз
Жанқұлов қалай сынық салуды үйренгенін, «Құрметті кәсіби халық емшісі» Оспанова
Айша адамды емдеу кезінде олармен жылы сөйлесудің өзі ем екенін айтып,
емшілікке байланысты шығарған кітаптарын кәсіби халық емшілерінің республикалық
ассоциациасының жоғары мәртебелі «Ғасыр емшісі», Қазақстан Республикасы заң
ғылымдары Академиясының академигі, Шығыс медицинасының дәрігері Оңайбек қажы
Әбділов шығыс медицинасында қазақ емшілігінің орнын айта келіп, қазақ ханы
Жәнібектің кезіндегі сарай емшісі керей Өтейбойдақтың «Шипагерлік баяны» қазір
Қытайда халық емшілігі жөнінен 1-кітап саналатынын айтып өтті. Атақты Айдар
ишанның ұрпағы Әбдіжаппаров Орынжан атасынан қалған мешітті ұстап, халыққа ем
жасау сырларын айтса, атақты оташы құнанорыс Қожықтың ұрпағы Қожықова Айна
көпшілікті атасынан қалған емшілік, оташылық құралдарымен таныстырды.
Қазақстанға кеңінен танымал емші, сынықшы Есмурзина Айнұр емшіліктің қызығы мен
қиындықтары қатар жүретінін, оның киелі де азабы көп әсіп екенін айтып өтті.
Басқа емшілер де өз кезектерінде емшілікті қалай жолдас еткендері туралы айтып,
берілген сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Шара соңында емшілер өздері жиі қолданатын емшіліктің қилы әдістерінен
мастер-класс көрсетті.
Ақтау қаласы өнер мектебінің түлегі, талантты домбырашы Бүркіт Қадірәлі халық
емшілерінің құрметіне қазақтың күйші-композиторларының бірнеше күйлерін және
Т.Жалғасбайұлы атындағы Шайыр орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ақжол Тілеубай
халық әндерін домбырамен нәшіне келтіре орындап берді.
24 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»
24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»
18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.
Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»
Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты.
Аналарға арнап
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.