Жігіттің сұлтаны-2022
Отпанға кел көргің келсе сұлтанды...
14 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және Бұзау ата ұрпақтарының демеушілігімен өнерлі де қайратты, сегіз қырлы бір сырлы жігіттер арасында "Жігіт сұлтаны-2022" атты сайыс болып өтті.
Сайысқа сегіз арыс адай ұрпақтарынан іріктелген 7 жігіт қатысты. Олар: Қосай ата ұрпағы Асылбеков Нұрбек Оралбекұлы, Құнанорыс ата ұрпағы Өтеп Нұрлан Бектұрғанұлы, Ақпан ата ұрпағы Қойшыбаев Мекке Көбейсінұлы, Жеменей ата ұрпақтары Тайманов Айшуақ Асылжан ұлы және Қошқарбай Мақсат Амалханұлы, Тобыш ата ұрпағы Жолдасбай Сұңғат Баймұратұлы, Мұңал ата ұрпағы Жәңгірхан Қаршыға Дәлубекұлы қатысты.
Сайыс 7 бөлімнен тұрады:
1.Мен Алаштың ұлымын (өзін таныстыру).
2.Құралайды көзге атқан" (Садақ ату).
3."Өнерлі өрге жүзер" (Өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын көрсету);
4. "Білімді мыңды жығар" (сұраққа- жауап).
5. "Күш атасын танымас" (Қол күресі).
6. "Ер қанаты- ат" (уақытпен атты ерттеп, міну);
7."Қайқылардың ізімен" (маңғыстаулық ақын-сазгерлердің шығармаларын орындау).
Сайыс барысында Бас жүлде мен "Жігіт сұлтаны" атағын Тайманов Айшуақ, 1-орын мен "Талантты жігіт" атағын Жолдасбай Сұңғат, 2-орын мен "Шабандоз жігіт" атағын Өтеп Нұрлан, 3-орын мен "Шебер жігіт" атағын Жәңгірхан Қаршыға және "Мерген жігіт" атағын Қошқарбай Мақсат, ынталандыру жүлдесі мен "Парасатты жігіт" атағын Асылбеков Нұрбек, «Сұңғыла жігіт» атағын Қойшыбаев Мекке иеленді. Жүлдегерлер ақшалай сыйлық және арнайы дипломдармен марапатталды.
24 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»
24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»
18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.
Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»
Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты.
Аналарға арнап
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.