ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАРА НАРЫ

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, этнограф-зерттеуші, публицист, ақын  Қабиболла Сыдиықовтың 85 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің қара нары» атты танымдық шара болып өтті. 

Шараның мақсаты ғалымның өмірі және шығармашылығымен қазіргі жастар мен студенттерді таныстыру, ғалым еңбектерін насихаттау болатын.

Шараға ғалымның туыстары  мұнай саласының ардагері, экономика ғылымының кандидаты Көркембай Алданиязов пен заңгер, адвокат Нұрлыбай Ізмағамбетов, ғалымның өмірі туралы кітап жазған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Әбілқайыр Спан,  Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебеп кітапхананың қызметкерлері Нұргүл Еңсегенова мен  Мираш Биниязова және Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің ұстазы, филология ғылымының докторы Жанбибі Дүйсенбаева мен оның шәкірттері қатысты. Шараға қатысушылар ғалымның жастық шағы, ғылыммен, халық арасынан, ел ішінен ауыз әдебиеті мен шежіре, өлең мен жыр жинақтаумен айналысып, оларды хатқа түсіріп, қызмет етіп жүрген кездері туралы айтып берді. Ғалымның көп еңбектері көзі жұмылғаннан кейін жарияланғаны, әлі де жарияланбаған еңбектері бар екендігі айтылды. Сол бір қиын кездерде халықтың мұраларын тірнектеп жинақтап, бір әрпін де өзгертпестен мұқият жариялап отырған. Сөйтіп жүріп докторлық қорғауына іштарлық танытып, кедергі жасағандарға пысқырмастан зерттеуін жалғастыра берген, сол ісін маңызды санаған.

Қабиболла Сыдиықовтың әжептәуір ақындығы да болған. 2013 жылы «ҚАЗақпарат» баспасынан шыққан «Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы» сериалында жарияланған жинақта Қабекеңнің көптеген өлеңдері жарияланған.

Қ.Сыдиықов бұрынғы Гурьев облысы, Жылыой ауданында (қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Қарақұм мекенінде) 1934 жылы 18 наурызда дүниеге келген. 1955 жылы Атырау оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін, 1960 жылы Қазақ университетінің филиология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1950-55 жылдары Гурьев облысы Жылой ауданының халық ағарту саласында, 1960-69 жылдары Атырау педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы, 1969–82 жылдары Қазақ ССР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институының әдебиет тарихы бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер болып істейді. 1982 – 1984 жылдарда Форт-Шевченко қаласындағы Т.Шевченко мемориалдық музей-комплексінің директоры болған. 1984 жылдан М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып өмірінің соңына дейін істеді.

Кешеннің бөлім меңгерушісі  Жомарт Айдарбек  

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 11:35  Оқылған саны: 5073




7 ақпан 2014

«Сазгерлер сыры»
icon

7 ақпан күні  «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде өлкемізге белгілі сазгерлер – балалар ақыны, әдіскер-мұғалім Көмек Ыбыраев және балалар жазушысы Ерекен Қорабаевтың, Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп пен

Жәрияланған уақыты: 15:32  

12 желтоқсан 2013

«Тәуелсіздік – алтын тұғырым»
icon

Бұл күні Ақсарай мұражайында тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай «Тәуелсіздік – алтын тұғырым» атты мәдени шара өткізілді. «Отпан» кәсіпорны және Түпқараған ауданы, Таушық ауылы Шахта орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі бұл шараға,

Жәрияланған уақыты: 12:54  

9 қараша 2013

«Еліміздің болашағы – жастар»
icon

«Еліміздің болашағы – жастар» атты әдеби-танымдық кеш. Қараша айының 9 жұлдызында ұйымдастырылған бұл шараға, облыстағы барлық аудан, қалалардан жас ақындар мен жастар саясаты жөніндегі бөлімдер өкілдерінің, республикаға белгілі ақындар: Әзірбайжан

Жәрияланған уақыты: 12:26  

7 қазан 2013

"Құсбегі Арон Оспанғалиевпен кездесу"
icon

2013 жылдың қазан айының 7-күні Отпан таудағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің  ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек

Жәрияланған уақыты: 12:06  

21 қыркүйек 2013

"Ақтау қаласының 50 жылдығы"
icon

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата

Жәрияланған уақыты: 12:32  

1 шілде 2013

«Бала – ертеңіміздің иесі»
icon

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық  мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.

Жәрияланған уақыты: 12:10  

24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40