Кешенде мажарлық қазақ ғалымымен кездесу өтті.

11 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне Венгриядағы Лакителек ұлттық шығыстану университеті шығыс бөлімінің оқытушысы, «Барыс – Венгр – Қазақ» қоры президентінің орынбасары, ғалым жерлесіміз Оңайша Мақсымқызы Мандоки арнайы ат басын бұрып келді. Қазақстан мен Венгер мемлекетінің ортасында алтын көпір болып, бірнеше ғасыр бұрын осы қазақ даласынан ауа көшкен 200 мыңдай қыпшақтың қазіргі ұрпақтарын түп тамырын тануына ықпал етіп, қазақтың салт-дәстүрін, тілі мен мәдениетін үйретіп жүрген ғалым апайымыз Адай ата кесенесіне, зиярат етіп, Көкбөрі, Ұранот тұғыры, Ана келбеті ескерткіштерін тамашалап, Ақсарай мұражайын ықыласпен аралады. Кешен идеясының авторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сабыр Адаймен сөйлесіп, кешеннің салыну мақсатын, тарихын тамсана тыңдады.   

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 18:07  Оқылған саны: 337




24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.

Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері  Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты. 

Аналарға арнап

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі

Жәрияланған уақыты: 14:40