Отпан тауда «Салбурын-2023» шарасы өтті.
Үстіміздегі жылдың 28 қаңтары күні «Отпан» МКҚК мен облыстық құсбегілер федерациясы бірігіп «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы болып өтті.
Шараның мақсаты: қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты құсбегілік пен саятшылықты, соған қатысты өнерпаздықты халық арасында насихаттау, оған жастар мен оқушылардың қызығушылығын арттыру. Шараны жалпы жұртшылық қатысатын қысқы халықтық мерекеге айналдыру.
«Қарашаңырақ» жанындағы ұлттық спорт алаңында өткізілген шараға Тұщыбек ауылы мен облыстың түкпірінен келген құсбегілер, құсбегілік пен саятшылыққа қызығушылар, блогерлер, облыстық құсбегілер федерациясының президенті Ерболат Есжанов, 2022 жы«Астана – Түркістан бағытындағы 1200 шақырымдық «Ұлы дала жорығы» супермарафонына қатысушы атбегі Бағдабаев Аманғали ұлы Етреков Әбішпен, Отпан ауылдық округының әкімі Беркін Қалдығұлов және Отпан тау маңайындағы ауылдардың тұрғындары қатысты.
Шара барысында шараны ұйымдастырушы Жомарт Айдарбек шараның тарихы мен мақсатына тоқталып өтті. Шараға жиналғандар құсбегілік пен салбурын туралы аудиолекция тыңдады. Құсбегілер Тайманов Айшуақ, Есжанов Ертіс пен Советов Өтежан қыран құстардың түрлері, олардың жастарына қарай атаулары, асырауы, баптауы т.б. туралы жас көрермендерге түсіндірсе, олардың шәкірттері қыран құстарды (бүркіт, ителгі мен қаршығалар) қолға шақырып қондыру, шырғаға, қоян мен кептерге түсу машықтарын көрсетіп, бабы мен шеберліктерін шараға келген көрермендер алдында паш етті. Құсбегілер мен осы өнерге қызығушылар қатары жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантады. Салбурынға бұрын жалғыз қатысқан бейнеулік бүркітші Кемелханов Жаңабай биылғы шараға інісі мен баласын ертіп, бір отбасынан 3 бірдей құсбегі келді.
Шара дәстүріне сай биыл аудан өнерпаздары әнші Сәттіғали Нұрдәулетов пен жыршы Бекенжан Ер Төлеп қатысып, көпшіліктің көңілін көтеріп, шараны мерекеге айналдырып жіберді.
Шара соңында «Отпан» МКҚК директоры Жадыра Кетеева мен Маңғыстау облыстық құсбегілер федерациясының президенті Ерболат Есжанов шараға қатысқан жас құсбегілерді Алғыс хаттармен марапаттады.
24 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»
24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»
18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.
Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»
Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты.
Аналарға арнап
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.