Отпан тауда демеушілерге құрмет көрсетілді
17 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде кешен демеушілеріне арналған «Жомарт жүрек жандар» атты шара болып өтті. Шараға облысқа танымал бір топ мекеме басшылары мен кәсіпкерлер және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова, Тұщыбек ауылының тұрғындары, кешен қызметкерлері қатысты.
Қазақта ар жағы аңыздан басталатын Атымтай
Жомарттан бастап, берісі Мекке мен Мәдинаға қазақтар үшін қонақ үй салдырған арғын
Құнанбай мен керей Аңдамас бай, Жетісуда қазақтың қаракөз бүлдіршіндерін оқыту
үшін мектеп салдырған Маман бай сияқты, ал Маңғыстауда бүкіл елдің қажетін
өтеп, ел қадірлісі палуан, ақын-жырау, әнші-жыршы, өнерпаздардың күнелтісін,
жол азығы мен киім-кешегін қамдап, жорыққа аттанатын әскердің ат-көлік,
азық-түлік, қару-жарағын сайлап беріп отырған Жаңай Қожаназар, Ескелді Саназар,
Жары Назар, Дәулеталы Қоштай сақи, Саламаттың Сарбасы, Төлепұлы Мәмбетнияз,
т.б. сияқты қай кезде де ел дәулетін қолында ұстап, көбейтіп, тіпті көмек сұрап келген әмейі қазақтан да
көмегін аямайтын сақи азаматтар аз болмаған. Солардың қазіргі ізбасарлары іспетті
азаматтар: "Қазақтелеком" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының бас
директоры Иржан Әбенұлы Сарсембаев, «Жанарыс» ЖШС директоры Жаңбырбай
Тәжіғұлұлы Дарменов, «Шегендеу» ЖШС техникалық кеңесшісі Айтқали Азанұлы
Төлеумағамбетов және «ӨзенМұнайГаз» АҚ аппарат басшысы Бауыржан Сайлаубайұлы
Мәмбетсапаев кешеннің құрметті қонағы болды.
Шараны ұйымдастырушы кешеннің бөлім меңгерушісі
Ж.Айдарбек шараның мақсатын айтып өткеннен кейін, қатысушыларға меценаттардың
қысқаша өмірбаяндарын оқып, көпшілікке таныстырып өтті. Алғашқы сөз мекеме
ардагері, «Мәдениет ісінің үздігі» Данияр Аралбаевқа беріліп, ол кешен тарихына
тоқталып өтіп, демеуші азаматтарға кешенге деген жанашырлық көзқарастары үшін ақсақалдық
алғысын айтты. Одан кейін меценаттарға кезек беріліп, олар «Адай ата – Отпан
тау» кешенінің болашағына байланысты ойларымен бөлісті.
Кешен директоры Нұрлан Мусаев қонақтарға алғысын айтып, бұл шара бірінші рет ұйымдастырылып отырғанын, алдағы уақытта дәстүрлі шараларымыздың бірі болатынын және кешен құрылысы мен жұмысына түрлі көмек көрсеткен демеушілер кешеннің құрметті қонақтары ретінде шақырылатынын айтып, мекеме атынан демеушілерге ескерткіш сыйлықтар тапсырды.
7 ақпан 2014
«Сазгерлер сыры»

7 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде өлкемізге белгілі сазгерлер – балалар ақыны, әдіскер-мұғалім Көмек Ыбыраев және балалар жазушысы Ерекен Қорабаевтың, Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп пен
Жәрияланған уақыты: 15:3212 желтоқсан 2013
«Тәуелсіздік – алтын тұғырым»

Бұл күні Ақсарай мұражайында тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай «Тәуелсіздік – алтын тұғырым» атты мәдени шара өткізілді. «Отпан» кәсіпорны және Түпқараған ауданы, Таушық ауылы Шахта орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі бұл шараға,
Жәрияланған уақыты: 12:549 қараша 2013
«Еліміздің болашағы – жастар»

«Еліміздің болашағы – жастар» атты әдеби-танымдық кеш. Қараша айының 9 жұлдызында ұйымдастырылған бұл шараға, облыстағы барлық аудан, қалалардан жас ақындар мен жастар саясаты жөніндегі бөлімдер өкілдерінің, республикаға белгілі ақындар: Әзірбайжан
Жәрияланған уақыты: 12:267 қазан 2013
"Құсбегі Арон Оспанғалиевпен кездесу"

2013 жылдың қазан айының 7-күні Отпан таудағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек
Жәрияланған уақыты: 12:0621 қыркүйек 2013
"Ақтау қаласының 50 жылдығы"

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата
Жәрияланған уақыты: 12:321 шілде 2013
«Бала – ертеңіміздің иесі»

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.
Жәрияланған уақыты: 12:1024 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды