Отпандағы ақындар кездесуі
25 қараша күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде облыстағы белгілі ақындардың аға буын өкілдері мен жаңа буын жас талап ақындарының дәстүрлі кездесуі өтті. Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы және Мұнайлы ауданы №11 орта мектептерінің оқушылары мен ұстаздары, Тұщыбек ауылының тұрғындары мен әкімі қатысты.
«Адай ата – Отпан тау» кешенінің ашылғанына биыл 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында кешенде талай мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Солардың біразы дәстүрлі шараға айналып, жыл сайын өткізіліп келеді. Ұйымдастырылып отырған шара да дәстүрге айналған шаралардың бірі. Шараны ұйымдастырудағы мақсат – жас өскін ақындарды тәжірибелі аға-апаларының алдарына шығарып, шабыстарын байқап, ақыл-кеңестерін алып, олардың өлең өру әдістерінен қысқаша ақыл-кеңестерін алып, ақындық болашақтарына қолдау боларға, жолын ашарға бата алу.
Кездесуге өлкемізге белгілі ақындар Бірғали Баекеев, Ерекен Қорабаев, Гүлнар Науырша мен өлең өлкесіне енді ғана қадам басқан Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің оқушылары Түйеші Нұрлыбай, Бишебай Аружан, Нұран Ерасыл, Бегеш Кәмшат, Оңғали Руслан, Хамит Аружан, Қайырбай Інжу, Тоқсанов Олжаш, Есенов Шахмерден, Қорғанбай Дамир және Мұнайлы ауданы №11 орта мектептің оқушылары Қуандықова Әсел, Атамұратова Ақмарал қатысты.
Шараны жүргізуші шара басында тәуелсіздігіміз бен рухани жаңғыруымызға, Адай ата рухына, кешен мен оның идеясына арналған өрелі өлеңдер болашақта шығатын «Отпанның отты жырлары» атты жинаққа енетінін ескертіп өтті. Ал ақындар киелі өлең өнері өздеріне қалай серік болғаны турасында айтып, өздерінің қаламдарынан соңғы кезде туындаған өлеңдерін оқыды.
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің бір топ жас ақындарын өлеңге баулып жүрген ұстаз Жазгүл Сабытаева мен Мұнайлы ауданы №11 орта мектебінің ақын қыздарын алып келген мектеп директоры Қаршагүл Әділбекова шараны ұйымдастырған «Отпан» МКҚК қызметкерлеріне рахметтерін айта келіп, көпшілікке өз ақындарын таныстырып өтті. Жас ақындар кезек-кезек шығып, жас қаламдарынан туған балауса өлеңдерін келушілерге оқып берді. №11 орта мектеп оқушысы Ә.Қуандықова «Нүкте» деп аталатын алғашқы өлең топтамасын шығарып үлгерген болса, Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің оқушылары А.Бишебай, К.Бегеш, І.Қайырбай, Ш.Есенов болашағынан көп үміт күтуге болатын ақындар екенін байқатты.
Жас ақындарға ақын Б.Баекеев пен Отпан ауылдық округының әкімі О.Күзембаев ағалық тілектерін айтса, Тұщыбек ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Төлепбергенов Берекет ақсақал жастарға аталық батасын берді.
24 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»
24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»
18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.
Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»
Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты.
Аналарға арнап
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
06 желтоқсан 2024
«САЛБУРЫН-2024»
08 қазан 2024
КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
20 қыркүйек 2024
Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.