Сән үлгісі - көркем мінез

4 мамыр күні "Отпан" МКҚК ұйымдастыруымен "Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Сән үлгісі - көркем мінез" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киімдер шеруі өтті. Шараның мақсаты қазақтың түрлі стильдегі ұлттық киімдерін және көпшіліккке көрінбей жүрген жергілікті шеберлер мен олардың өнімдерін насихаттау болатын. Қонақтар мен көрермендерге республикаға, облысқа танымал сән ательелері мен жеке шеберлер туындыларының топтамасы таныстырылды. Дефилеге Маңғыстау ауданы мен Ақтау қаласынан "Ақбөбек" ательесі (жетекшісі Ақбөбек Аязханқызы), "Жібек жолы" ательесі (жетекшісі Айнұр Таңбайқызы), " Өнер" ательесі (жетекшісі Феруза Оразғұлқызы), " Сая" ательесі (жетекшісі Сая Жолдасқызы) және республикаға танымал балбармақ шебер Әуес Сағынаева қатысты. Шара барысында қатысушылар мен кешен қызметкерлерінің қатысуымен көрермендерге ән-жырдан шашу шашылды.

Ұлттық киімдерімізді дәріптеуге бар күш-жігерлері мен мүмкіндіктерін салған кешен қызметкерлерінің бұл шарасына алыс-жақыннан келген қонақтар (Астана, Қарағанды, Жамбыл, Алматы және т.б.) үлкен ықыласпен алғыс айтып, ризалық пейілдерін білдірді.

Шараға қатысқан бүкіл көрермендердің атынан ательелердің жетекшісі мен қызметкерлеріне үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Көздің жауын алар ұлттық киімдеріміздің дәстүрлі қалпын сақтай отырып, заманауи түрге еніп, қай адамның да сымбаты мен ажарын аша түсері сөзсіз.

Сондықтан үнемі ұлттық құндылықтарды насихаттап, ұмыта бастағандарыңызды еске түсіріп, ескіргенді жаңғыртып, өшкенді жандырып, дамытуға арналған шараларды көргіңіз, қазақ екеніңізді сезінгіңіз келсе "Адай ата - Отпан тау" кешенін назардан тыс қалдырмаңыз, АҒАЙЫН!  

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 11:48  Оқылған саны: 378




24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.

Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері  Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты. 

Аналарға арнап

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі

Жәрияланған уақыты: 14:40