Темірмен тіл табысқан

Темірге тіл бітірген Құлменовтер.

Жақында «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Темірмен тіл табысқан» деп аталатын түркі әлеміне танымал ағайынды ұсталар, ҚР мәдениет қайраткерлері, "Түрік дүниесі алдындағы сіңірген еңбегі үшін" халықаралық сыйлығының иелері Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Құлменовтердің қолдарынан шыққан сирек қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Көрмеге Құлменовтердің ортаншысы Махмут пен қасиетті ата кәсіпті жалғастырып жүрген Айтберген ұлы Алмас және Маңғыстау өнер колледжінің студенттері мен Тұщыбек негізгі орта мектебінің оқушылары, ұстаздары, жергілікті шеберлер, саятшы, құсбегілер, өнертанушылар қатысты. Көрмені ұйымдастырушы, кәсіпорын тарих бөлімінің меңгерушісі Құралай Ізімбергенова қонақтарды таныстырып өткеннен кейін, мекеме директоры Нұрлан Мусаев қонақтарға осы ұсталық өнерді дамытып, дүние жүзі қызығарлық деңгейге көтергендері үшін және өз қолдарынан шыққан киелі бұйымдарды Маңғыстау жұртшылығына ұсынғандары үшін алғысын айтты. Содан соң мекеме директоры Н.Мусаев пен темірші ұста М.Құлменов көрмені ашу рәсімін жасап, келушілер көрме залына қойылған бұйымдарды тамашалады.

Көрмеге кіреукелі дулыға, айбалта, найза, шоқпар, гүрзі, сақетер, құстұмсық, садақ, қанжар,қалқан, жеңсе сияқты көптеген қазақтың қарулары, сонымен бірге бүркітшілердің томаға, балдақ, тұғыр, жемқалта, биялай сияқты асай-мүсейлері қойылған.

Көрмеге қойылған бұйымдарды таныстырып, келушілердің көптеген сұрақтарына жауап берген Махмут шебер өнер колледжінің қолөнер шеберлігіне ұмтылып жүрген жастарына атадан қалған салтқа сәйкес (бармақтарын ескі төстің үстіне қойып тұрып, балғасын бармақтарына тигізіп) батасын берді. Шара соңынан келушілер көрмеден алған әсерлерімен, пікірлерімен бөлісті.

 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 10:53  Оқылған саны: 6114




24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысуымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әскери-патриоттық шараға арналған жиын Ақсарай үстіндегі алаңда өтті. ҚР көк туы көтеріліп, Гимні орындалды «Отпан» кәсіпорны директоры міндетін

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық көріністер көрсетіліп, оқушылар арасында сайыстар мен ойындар өткізілді.

Жеңімпаз-дарға бағалы сыйлықтар берілді. Оқушылар «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері М. Қамешқызы; Тұщыбек ауылынан денсаулық сақтау саласының зейнеткері Б. Кәдірбаева, «Алтын алқа» иегері  Н. Дауырбаева, «Күміс алқа» иегері Қ.Тайжановалар қатысты. 

Аналарға арнап

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы Ақшұқыр кентіндегі М.Абдықалықов, Сайын Шапағатов елді мекеніндегі орта мектеп, Қызылөзен ауылындағы З.Баймұрзаев, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев және Баутино кентіндегі

Жәрияланған уақыты: 14:40