КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.

2024 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан күндерi аралығында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының "Отпан" МКҚК директоры Ж.Кетеева, бөлiм меңгерушiсi Р.Қаржаубаева, әдiскер З.Еңсегенова "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығына тәжірибе алмасу бағытында iссапарға барып қайтты. Сапардың бірінші күні кешен қызметкерлері "Ұлытау" ұлттық тарихи- мәдени, табиғи қорық қызметкерлерiмен бiрлесе отырып, іс, тәжiрибе алмасып, Алаша хан, Жошы хан кесенелерiне, Домбауыл, Дүзен батыр мазарларына зиярат етіп, "Жошы хан" кешеніне, Хан ордасына, Алтын шоқы жотасына сапар шегіп, көптеген тарихи жерлерді аралап қайтты.

Келесі күні музей-қорығының сапар орталығында тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда қос музейдің директорлары атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндап, алдағы уақытқа жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын іс-шаралар барысы талқыланды. Бұдан кейін «Отпан" қызметкерлері музей-қорықтың музей экспозицияларымен, музей қорымен танысты.

Одан әрі кешен қызметкерлері Ұлытау өңірінде орналасқан Хан ордасында, Әмір-Темірдің 1391 жылғы жазбасы бар тақтасы қойылған Алтын шоқы тарихи орындарын аралап шықты.

Сапар нәтижесінде екі кешен қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, көптеген фото, видео материалдар жинақталып, мұражай қорына тапсырылды. 

Жәрияланған күні: 8 қазан 2024Жәрияланған уақыты: 14:36  Оқылған саны: 121




6 желтоқсан 2024

«САЛБУРЫН-2024»
icon

5 желтоқсаны күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде халқымыздың бекзат өнері саятшылық пен құсбегілікке және өлкеміздің өнерлі өрені құсбегі, суретші, ұстаз Ертіс Мырзакелдіұлы Есжановты еске алуға арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы өтті.

Шараның мақсаты: "Салбурынның" дамуына еңбегі сіңген құсбегі, суретші, ұстаз Ертіс Есжановты еске алу. Қазақтың бекзат өнері әрі

Жәрияланған уақыты: 09:12  

8 қазан 2024

КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
icon

2024 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан күндерi

Жәрияланған уақыты: 14:36  

20 қыркүйек 2024

Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.
icon

18 қыркүйек күні кешенде «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» атты шара аясында Жармыш ауылының қолөнер шеберлері мен өнерпаздары өнер көрсетті. Бұл дәстүрлі шара халық «Адайдың жеті қайқысы» атаған Маңғыстаудың дүлдүл әншілері – Майлан Шолтаман, Медет Жылкелді, Қаржау Тұрсын, Жаңай Өскінбай, Мая Досат, Кенже Әділ және Жаманадай Тастемірдің әндерін дәріптеу үшін, сонымен қатар ауыл өнерпаздарының, қолөнер

Жәрияланған уақыты: 07:21  

9 қыркүйек 2024

Қазақтың ұлттық тағамдары дәріптелді
icon

8 қыркүйек күні «Адай – Ата Отпан тау» тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ұлттық тағамдарды насихаттауға арналған дәстүрлі «Берекелі дастархан» шарасы өтті. Айтулы шараға «Абысын – ажын» облыстық келіндер байқауының бас жүлдегерлері Бекмағұловтар әулетінің келіндері қатысты. Олар қасиетті қара қазанда ірімшік пен құрт қайнатып, өздері дайындаған бауырсақ пен таба нанды сүт қатқан қою күрең шай мен иісі

Жәрияланған уақыты: 05:33  

31 тамыз 2024

"Бірлік керуені" - Отпантауда!
icon

30 тамыз күні Астана қаласында 8-14 қыркүйек күндері өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына баратын Маңғыстау облысының "Бірлік керуені" өлкенің көптеген киелі жерлерін аралай келіп, Сұлтан епенің торсыққа құйылған шипалы суымен Отпан тауға тоқтады. Адай ата кесенесіне зиярат етіп, Маңғыстау ауданының жұртшылығымен кездесіп, атадан бата алып аттанды. Керуенді облыс, аудан мәдениет қызметкерлері мен "Адай ата-Отпан тау"

Жәрияланған уақыты: 10:44  

30 тамыз 2024

"Биіктік" - Ақтауда!
icon

29 тамыз күні  ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақтау қаласы теңіз жағасында айлы кеште "Отпан" кәсіпорнының ұйымдастыруымен кешен ардагері, ҚР мәдениет саласының үздігі, сазгер-ақын Данияр Аралбаевтың 75 жасына орай гитарада ән орындаушылардың қатысуымен дәстүрлі "Биіктік"  шарасы өтті. Шараның мақсаты: өлкемізде гитара аспабында орындаушылардың өнерін насихаттау және кең таралуына ықпал ету. Шара осыған дейін "Адай ата-Отпан тау"

Жәрияланған уақыты: 10:10  

26 маусым 2024

«Шұбат мерекесі»
icon

26 маусым күні Тұщыбек ауылында "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымының докторы, Тұщыбек туберкулезды шұбатпен емдеу шипажайының негізін салушы, Қазақстанның еңбек сіңірген 

Жәрияланған уақыты: 06:51  

20 маусым 2024

АЙ АСТЫНДА — АЛТЫБАҚАН.
icon

20 маусым күні өткен жылғы жасалған екі жақты меморандум негізінде кешенге тәжірибе алмасу мақсатында келген Қызылорда облыстық "Қорқыт ата" мемориалды музейі мен Шымкент қаласы "Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып" орталығы қызметкерлерінің және Маңғыстау облыстық Әбіш Кекілбайұлы атындағы музей басшылығы мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен тәжірибе алмасу бағытында кеңес өтті. Бас қосуда "Отпан" кәсіпорнының қызметі, өңір мен республика халқының

Жәрияланған уақыты: 06:25  

10 маусым 2024

«КӨКМОЙНАҚ» командасына құрмет көрсетілді
icon

8 маусым күні "Адай ата- Отпан тау" кешені және "Ұлы дала жорығы" РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен облыстың жаңа әкімі Н.И.Қилыбай мен биылғы "Ұлы дала жорығы" марафонында жүлделі 2-орын алған "Көкмойнақ" командасы мүшелерінің кездесуі өтті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары Е.Ізбергенов, А.Өрісбаев, Т.Әбішев, Маңғыстау облысы "Жорық" федерациясының президенті И.Қалдаманов, "Көкмойнақ" командасының атбегілері

Жәрияланған уақыты: 17:21  

3 маусым 2024

Таушықта "Бала шақтан — болашаққа" шарасы қызықты өтті
icon

1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Адай ата- Отпан тау" кешені мен Таушық ауылы мәдениет үйінің қызметкерлері бірігіп Таушық ауылы балаларына арнап дәстүрлі "Бала шақтан — болашаққа" шарасын өткізді. Шара барысында түрлі спорттық жарыстар мен ойындар ойналып, балдырғандар ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Шара соңынан кешен қызметкерлері ауыл балаларына арнайы әкелген шырын, сусындар мен тәттілерді таратты. Ауылдың

Жәрияланған уақыты: 17:07  

23 мамыр 2024

Отпан тауда ауа-райын болжаушы, есепшімен кездеу өтті
icon

22 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені Қарашаңырақ ғимаратында "Жаңа айдан - жақсылық" атты ауа-райының есепшісі, шежіре жинақтаушы, кәсіпкер Әнес Сегізбай ағамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. Шараны кешен қызметкері М.Нарешева ұйымдастырды. Шара оқушыларға аспан денелерінің қозғалысын, олардың жерге әсерін түсіндіру және мамандық таңдауда

Жәрияланған уақыты: 09:03  

20 мамыр 2024

Ұлт өнерiн ұлықтаған ұтады
icon

17 мамыр «Сән үлгісі – көркем мінез» деп аталатын ұлттық киім үлгілерінің шеруіне арналған шара «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп, қазіргі күнде дәстүрлі шараға айналды. Биыл да сол үрдістен айнымай кешенде тағы да облысымыздағы белгілі ұлттық киім шеберлері бас қосып, ұлттық киімдердің сән үлгілерін көрсетті.

Сән үлгісі дегеніміз – адамның киім кию мәдениеті, ой-өрісі

Жәрияланған уақыты: 11:14  

17 мамыр 2024

«Әбіш әлеміне саяхат» атты облыс музейлерінің экскурсия жүргізушілері арасында облыстық сайыс өткізілді
icon

15 мамыр күні Бейнеу кентінде Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына орай «Әбіш әлеміне саяхат» атты облыс музейлерінің экскурсия жүргізушілері арасында облыстық сайыс өткізілді. Сайысқа облыстағы барлық музейлердің мықты мамандары қатысты. Негізгі тақырып — Ә.Кекілбаев өмірі мен шығармалары. Экскурсия

Жәрияланған уақыты: 11:13  

6 мамыр 2024

Асыл ағаның аты аталып, ескерткіш тақта қойылды
icon

4 мамыр күні “Адай ата -Отпан тау” тарихи-мәдени кешені құрылысының бастамашы, демеушілердің бірі Қазақстанның құрметті энергетигі, “Қарашаңырақ” ғимараты құрылысының негізін салушылардың бірі, Ақтау қаласының құрметті азаматы Майлыбай Әминұлы Аймағамбетовтың 80 жылдығына орай "Қарашаңырақта" марқұмға мемориалдық тақта ашылды. Ашылу шарасына мемлекет және қоғам қайраткері ҚР Ұлттық ғылым Академиясының құрметті академигі, педагогика, тарих

Жәрияланған уақыты: 17:48  

4 мамыр 2024

Отан үшін от кешкендер
icon

3 мамырда "Адай ата - Отпан тау" кешенінде маңғыстаулық майдангерлер Еділханұлы Бекқожаға 110 жыл, Рзаханұлы Биқасқа 100 жыл толуына орай кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отан үшін от кешкендер" атты ардагерлердің ұрпақтарымен кездесу-шара өтті. Шараға Маңғыстау ауданының белгілі азаматтары мен ақсақалдары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әнес, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ж.Қожық, т.б. қатысты. Майдангерлердің ұрпақтары мен

Жәрияланған уақыты: 17:21  

20 сәуір 2024

Кешен қызметкерлері форумға қатысты
icon

18 сәуір Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау күніне орай Ә.Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Маңғыстау артефактілері тарихи деректерде" атты форум болып өтті. Форумда "Отпан" МКҚК директорының орынбасары Рахмет Тұрар баяндама жасап, кешеннің экскурсия жүргізушісі Дулат Сырым "Елдік пен бірліктің бастауы- Отпан" жылжымалы көрмесін форумға қатысушыларға таныстырды.  

Жәрияланған уақыты: 19:18  

11 сәуір 2024

Кешенде мажарлық қазақ ғалымымен кездесу өтті.
icon

11 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне Венгриядағы Лакителек ұлттық шығыстану университеті шығыс бөлімінің оқытушысы, «Барыс – Венгр – Қазақ» қоры президентінің орынбасары, ғалым жерлесіміз Оңайша Мақсымқызы Мандоки арнайы ат басын бұрып келді. Қазақстан мен Венгер мемлекетінің ортасында алтын көпір болып, бірнеше ғасыр бұрын осы қазақ даласынан ауа көшкен 200 мыңдай қыпшақтың 

Жәрияланған уақыты: 18:07  

11 сәуір 2024

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде мажарлық ғалыммен кездесу өтті
icon

11 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне Венгриядағы Лакителек ұлттық шығыстану университеті шығыс бөлімінің оқытушысы, «Барыс – Венгр – Қазақ» қоры президентінің орынбасары, ғалым жерлесіміз Оңайша Мақсымқызы Мандоки арнайы ат басын бұрып келді. Қазақстан мен Венгер мемлекетінің ортасында алтын көпір болып, бірнеше ғасыр бұрын осы қазақ даласынан ауа көшкен 200 мыңдай қыпшақтың қазіргі ұрпақтарын түп тамырын тануына ықпал етіп, қазақтың салт-дәстүрін, тілі мен мәдениетін

Жәрияланған уақыты: 17:17  

13 наурыз 2024

13-14 наурыз күндері "Адай ата-Отпан тау" кешенінде Амал мерекесі халықаралық деңгейде дүрілдеп өтті.
icon

Мерекеге көрші Иран, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан т.б. мемлекеттерден өкілдер келді. Жыңғылды ауылы маңындағы атшабар алаңда ошақ бәйге, аламан бәйге өткізіліп, еліміздің әр жерінен жүйріктер қатысып, бәйге тартысты өтті. Бас жүлде - автокөлік.

Мерекеге Қазақстанға белгілі көптеген қайраткерлер Мұңал ата ұрпақтарының арнайы шақыруымен қатысты. ҚР халық

Жәрияланған уақыты: 12:33  

7 наурыз 2024

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Аналар күні аталып өтті.
icon

Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Елдің қамын ойлаған – ер мінезді арулар» атты кездесу кеші өтті. Аналар күніне арналған биылғы шараның мақсаты ауылдық әкімшілікте қызмет жасап жүрген, еңбектері байқалмайтын, ел көзіне көрінбейтін ауылдық әкімдіктерде қызмет етіп жүрген бас маман ханымдардың еңбегін елеп, насихаттау болатын.

Шараға

Жәрияланған уақыты: 12:44  

9 ақпан 2024

"Жастықты жалмаған соғыс". Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толды
icon

1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес үкіметі басшыларының шешімімен ауған жеріне кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы кіргізілді. Сол әскердің қатарында Қазақстан азаматтары да болды. Иә, ол кезде қазақ елі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталатын үлкен мемлекеттің ішіндегі 15 одақтас республиканың бірі болған болатын. Қазақтар үшін де қайғылы да қасіретті парақтардың бірі болған, сол кезде Ауғанстан Демократиялық

Жәрияланған уақыты: 11:20  

15 қараша 2023

КИЕЛІ КЕСЕНЕЛЕР МЕН КЕШЕНДЕРГЕ САЯХАТ
icon

5 – 11 қараша күндері «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешен директоры Ж.Кетеева, қызметкерлері Ж.Айдарбек, Р.Қаржаубаева Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен салт-дәстүр орталығына, асиетті Қазығұрт маңайында бой көтерген «Бабалар рухына тағзым» мемориалдық кешеніне,  Қызылорда облысындағы «Қорқыт ата» мемориалды музейіне тәжірибе алмасу мақсатында, қазақтың атақты әулиелердің бірі, Кенесары ханның кеңесшісі болған

Жәрияланған уақыты: 09:29  

1 қараша 2023

Отпантауда «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» дәстүрлі шарасы өтті
icon

31 қазан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Адайдың жеті қайқысы» аталып кеткен Қаржау Тұрсын Алдашұлы, Медет Жылкелді Теңізбайұлы, Жаңай Өскінбай Қалмамбетұлы, Мая Досат Бәймембетұлы, Жаманадай Тастемір Боранқұлұлы, Кенже Әділ Өтеғұлұлы, Майлан Шолтаман Байсарыұлы сынды Маңғыстаудың шаңтимес өнерпаздарының құрметіне арналған «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» атты музыкалық шара өтті. Шараның мақсаты: өткен ғасырлардағы

Жәрияланған уақыты: 17:24  

23 қазан 2023

"Тәуелсіз елдің ұланымыз"
icon

23 қазан күні кешенде Республика күніне арналған "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты патриоттық шара өтті. Шараға Жыңғылды ауылының Е.Айшуақұлы атындағы мектептің және С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Шараның мақсаты: оқушыларды Отанды, ұлтын сүюге, оның мәдениетін, салты мен тілін құрметтеуге, рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Шараны ұйымдастырған - әдіскер З.Еңсегенова, жүргізген Д.Сырым. Шара барысында Щ.Еңсегенова мереке

Жәрияланған уақыты: 12:03