Отпандағы ақындар кездесуі

25 қараша күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде облыстағы белгілі ақындардың аға буын өкілдері мен жаңа буын жас талап ақындарының дәстүрлі кездесуі өтті. Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы және Мұнайлы ауданы №11 орта мектептерінің оқушылары мен ұстаздары, Тұщыбек ауылының тұрғындары мен әкімі қатысты.

«Адай ата – Отпан тау» кешенінің ашылғанына биыл 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында кешенде талай мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Солардың біразы дәстүрлі шараға айналып, жыл сайын өткізіліп келеді. Ұйымдастырылып отырған шара да дәстүрге айналған шаралардың бірі. Шараны ұйымдастырудағы мақсат – жас өскін ақындарды тәжірибелі аға-апаларының алдарына шығарып, шабыстарын байқап, ақыл-кеңестерін алып, олардың өлең өру әдістерінен қысқаша ақыл-кеңестерін алып, ақындық болашақтарына қолдау боларға, жолын ашарға бата алу.

Кездесуге өлкемізге белгілі ақындар Бірғали Баекеев, Ерекен Қорабаев, Гүлнар Науырша мен өлең өлкесіне енді ғана қадам басқан Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің оқушылары Түйеші Нұрлыбай, Бишебай Аружан, Нұран Ерасыл, Бегеш Кәмшат, Оңғали Руслан, Хамит Аружан, Қайырбай Інжу, Тоқсанов Олжаш, Есенов Шахмерден, Қорғанбай Дамир және Мұнайлы ауданы №11 орта мектептің оқушылары  Қуандықова Әсел, Атамұратова Ақмарал қатысты.

Шараны жүргізуші шара басында тәуелсіздігіміз бен рухани жаңғыруымызға, Адай ата рухына, кешен мен оның идеясына арналған өрелі өлеңдер болашақта шығатын «Отпанның отты жырлары» атты жинаққа енетінін ескертіп өтті. Ал ақындар киелі өлең өнері өздеріне қалай серік болғаны турасында айтып, өздерінің қаламдарынан соңғы кезде туындаған өлеңдерін оқыды.

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің бір топ жас ақындарын өлеңге баулып жүрген ұстаз Жазгүл Сабытаева мен Мұнайлы ауданы №11 орта мектебінің ақын қыздарын алып келген мектеп директоры Қаршагүл Әділбекова шараны ұйымдастырған «Отпан» МКҚК қызметкерлеріне рахметтерін айта келіп, көпшілікке өз ақындарын таныстырып өтті. Жас ақындар кезек-кезек шығып, жас қаламдарынан туған балауса өлеңдерін келушілерге оқып берді. №11 орта мектеп оқушысы Ә.Қуандықова «Нүкте» деп аталатын алғашқы өлең топтамасын шығарып үлгерген болса, Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің оқушылары А.Бишебай, К.Бегеш, І.Қайырбай, Ш.Есенов болашағынан көп үміт күтуге болатын ақындар екенін байқатты.

Жас ақындарға ақын Б.Баекеев пен Отпан ауылдық округының әкімі О.Күзембаев ағалық тілектерін айтса, Тұщыбек ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Төлепбергенов Берекет ақсақал жастарға аталық батасын берді.

   

 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 11:02  Оқылған саны: 6415




13 маусым 2025

Кешен қызметкерлері Қызылөзен ауылы балаларына қызықты мереке жасады.
icon

Балалықтың базары қаншалықты қызыққа толы болса, баланың ақыл-ойы мен дүниетанымы соншалықты жан-жақты дамиды. Балалық шақта адам өмiрiне жақсы әсер алса, болашақта қалыптасатын тұлғаның да жаман болмасы анық. Осы орайда Халықаралық балаларды

Жәрияланған уақыты: 15:08  

6 маусым 2025

Қызылөзен ауылы аспанында Шәмші әндері қалықтады.
icon


3 маусым күнi "Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенi қызметкерлерiнің ұйымдастыруымен Қызылөзен елдi мекенiнде қазақ елінің жүрегіне мәңгілік із қалдырған ұлы тұлға, композитор Шәмшi Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай "Шiркiн, Шәмшi әндерi-ай" атты

Жәрияланған уақыты: 14:57  

3 маусым 2025

29 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде "Түркі әлемінің тотемі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
icon

Конференцияның мақсаты мен міндеті: Конференцияның мақсаты мен міндеті:

• Түркі халықтарының бірлігі, достығы мен ынтымағын дәріптеу;

• Ортақ рухани және мәдени мұраларды таныстыру;

• Ұлттық киімдер мен

Жәрияланған уақыты: 17:34  

4 мамыр 2025

Отан үшін от кешкен майдангерлер.
icon

3 мамыр күні "Адай ата - Отпан тау" кешенінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдангер жерлестеріміз Шалабаев Әбдірахман және ағайынды Ізтұрған мен Байтұрған Меңдіқұловтарға арналған "Отан үшін от кешкендер" атты дәстүрлі шара болып

Жәрияланған уақыты: 11:08  

25 сәуір 2025

Оқушылар туған жер табиғаты аясында.
icon

16, 17 және 24 сәуір күндері "Адай ата- Отпан тау" тарихи -мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Отпан тау етегінде және Тұщыбек ауылының бағында дәстүрлі "Туған жер табиғатында" шарасы өтті. Шараға Жыңғылды, Тұщыбек мектебі

Жәрияланған уақыты: 11:14  

16 сәуір 2025

Қойнауына кие қонған Маңғыстау КОНКУРСЫ
icon

Кешен қызметкері жүлдегер болды.

15 сәуір күні Шетпе ауылындағы "Серікбол Қондыбайдың мемориалдық музейі" МКҚК-нің 10 жылдығына орай музей қызметкерлері арасында "Қойнауына кие қонған Маңғыстау" атты Серікбол

Жәрияланған уақыты: 17:43  

24 наурыз 2025

Тұщыбек ауылында Наурыз мерекесі тойланды.
icon

Бүгін Тұщыбек ауылында ауыл әкімі Тәжиев Ғани мен белсенді жастарының ұйымдастыруымен "Наурыз" мерекесі аталып өтті. Мерекеге жиналған ауыл тұрғындары бір кісідей ұйымшылдықпен қатыстып, шара мерекелік шерумен басталды. Мейрамға сай киінген

Жәрияланған уақыты: 17:40  

15 наурыз 2025

Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
icon

13-14 наурыз күндері "Адай ата- Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде Қосай ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен дәстүрлі Амал мерекесі тойланды. Мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде тұрып жатқан ата ұрпақтары мен қатар мерекені тамашалауға келген

Жәрияланған уақыты: 14:16  

10 наурыз 2025

"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
icon

Аналар мерекесі қарсаңында "Адай ата- Отпан тау" тарихи -мәдени кешенінде кәсіпорын қызметкерлерінің аналарына арналған "Өмірдің нәрі -әлемнің бәрі" атты мерекелік шара өткізілді. Шараға Советов Болатжанның анасы Садықова Жазық апай, Шораева Гүлбанудың

Жәрияланған уақыты: 12:55  

1 наурыз 2025

Ұлы күйші ұлықталды
icon

28 ақпан күні "Отпан" МКҚК ұйымдастыруымен Тұщыбек бөбекжай-мектебінде Маңғыстау күй мектебінің көшбасшысы, күйші-композитор Есір Айшуақұлының туғанына 185 жыл толуына арналған шара өткізілді. Шара барысында мектеп оқушыларына дәулескер күйшінің өмірі

Жәрияланған уақыты: 09:55  

26 ақпан 2025

«Отпандық» экскурсовод жүлделі болды
icon

25 ақпан күні Шетпе кенті С.Қоңдыбай мемориалдық музейінде облыстағы музейлердің экскурсоводтары арасында облыстық жарыс болып өтті. Жарысқа кешеннің жас экскурсия жүргізушісі Тайман Талант қатысып, бірнеше үміткерлер

Жәрияланған уақыты: 09:54  

14 ақпан 2025

Отпанда «Ұрпаққа мұра» акциясы өтті
icon

13 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің Ақсарай ғимаратында «ҰРПАҚҚА МҰРА» акция-шарасы өтті. Шара халықтың  тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын  қолөнер бұйымдарын, қылқалам туындыларын, тұрмыстық бұйымдар, ескі қолжазбалар мен

Жәрияланған уақыты: 12:32  

31 қаңтар 2025

«Өлке мақтаныштары» — асыл тұқымды адай жылқысын өсіріп, баптағандар.
icon

30 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауына  орай «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде қазақтың Адай тұқымды жылқысын өсіріп, асылдандыруға

Жәрияланған уақыты: 15:24  

6 желтоқсан 2024

«САЛБУРЫН-2024»
icon

5 желтоқсаны күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде халқымыздың бекзат өнері саятшылық пен құсбегілікке және өлкеміздің өнерлі өрені құсбегі, суретші, ұстаз Ертіс Мырзакелдіұлы Есжановты еске алуға арналған дәстүрлі

Жәрияланған уақыты: 09:12  

8 қазан 2024

КЕШЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛЫТАУҒА ІССАПАРҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ.
icon

2024 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан

Жәрияланған уақыты: 14:36  

20 қыркүйек 2024

Дәстүрлі шарада Жармыш ауылының өнерпаздары өнер көрсетті.
icon

18 қыркүйек күні кешенде «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» атты шара аясында Жармыш ауылының қолөнер шеберлері мен өнерпаздары өнер көрсетті. Бұл дәстүрлі шара халық «Адайдың жеті қайқысы» атаған Маңғыстаудың дүлдүл

Жәрияланған уақыты: 07:21  

9 қыркүйек 2024

Қазақтың ұлттық тағамдары дәріптелді
icon

8 қыркүйек күні «Адай – Ата Отпан тау» тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ұлттық тағамдарды насихаттауға арналған дәстүрлі «Берекелі дастархан» шарасы өтті. Айтулы шараға «Абысын – ажын» облыстық келіндер

Жәрияланған уақыты: 05:33  

31 тамыз 2024

"Бірлік керуені" - Отпантауда!
icon

30 тамыз күні Астана қаласында 8-14 қыркүйек күндері өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына баратын Маңғыстау облысының "Бірлік керуені" өлкенің көптеген киелі жерлерін аралай келіп, Сұлтан епенің торсыққа құйылған шипалы суымен

Жәрияланған уақыты: 10:44  

30 тамыз 2024

"Биіктік" - Ақтауда!
icon

29 тамыз күні  ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақтау қаласы теңіз жағасында айлы кеште "Отпан" кәсіпорнының ұйымдастыруымен кешен ардагері, ҚР мәдениет саласының үздігі, сазгер-ақын Данияр Аралбаевтың 75 жасына орай гитарада ән

Жәрияланған уақыты: 10:10  

26 маусым 2024

«Шұбат мерекесі»
icon

26 маусым күні Тұщыбек ауылында "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымының докторы, Тұщыбек туберкулезды 

Жәрияланған уақыты: 06:51  

20 маусым 2024

АЙ АСТЫНДА — АЛТЫБАҚАН.
icon

20 маусым күні өткен жылғы жасалған екі жақты меморандум негізінде кешенге тәжірибе алмасу мақсатында келген Қызылорда облыстық "Қорқыт ата" мемориалды музейі мен Шымкент қаласы "Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып" орталығы қызметкерлерінің және

Жәрияланған уақыты: 06:25  

10 маусым 2024

«КӨКМОЙНАҚ» командасына құрмет көрсетілді
icon

8 маусым күні "Адай ата- Отпан тау" кешені және "Ұлы дала жорығы" РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен облыстың жаңа әкімі Н.И.Қилыбай мен биылғы "Ұлы дала жорығы" марафонында жүлделі 2-орын алған "Көкмойнақ" командасы

Жәрияланған уақыты: 17:21  

3 маусым 2024

Таушықта "Бала шақтан — болашаққа" шарасы қызықты өтті
icon

1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Адай ата- Отпан тау" кешені мен Таушық ауылы мәдениет үйінің қызметкерлері бірігіп Таушық ауылы балаларына арнап дәстүрлі "Бала шақтан — болашаққа" шарасын өткізді. Шара барысында түрлі

Жәрияланған уақыты: 17:07  

23 мамыр 2024

Отпан тауда ауа-райын болжаушы, есепшімен кездеу өтті
icon

22 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені Қарашаңырақ ғимаратында "Жаңа айдан - жақсылық" атты ауа-райының есепшісі, шежіре жинақтаушы, кәсіпкер Әнес Сегізбай ағамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жыңғылды ауылының Есір

Жәрияланған уақыты: 09:03