"ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ – ЖАНАРТАУ"

- Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам халқым соған елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев -

Өлтіре алмас бірақта өлеңді ешкім!..

"Ақынмын" деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шапан жауып өзіне қайтарамын

Осылай деп жырлап кеткен алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев туған 9 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде «Жүрегім менің – жанартау» атты әдеби-шығармашылық шара өткізілді. Биыл ақынның 90 жылдық мерейтойы. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған шараға балалар жазушысы, ақын, сазгер, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Ерекен Қорабаев және Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің оқушылары қатысты.

Шараны кешеннің қызметкері Гүлсамал Қанашқызы жүргізді. Ақын өлеңдерін өзі оқыған аудиожазба жіберілді. Ақынның өміріне байланысты суреттерден құралған слайдтар көрсетілді. Г.Қанашқызы дайындаған ақынның өмірі мен шығармашылы-ғына арналған аудиолекция тыңдалды. Кешен директоры Ж.Кетеева, экскурсия-көпшілік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айдарбек және Е.Айшуақұлы атындағы мектебінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Қобыланова Құндыз Мұқағали өмірінің қызықты сәттері туралы айтып, ақын жырларынан шумақтар оқыса, кешен директорының орынбасары Р.Тұрар, кешен қызметкерлері Н.Түрікпенбаева, М.Нарешова, З.Еңсегенова М.Мақатаевтың ақын өлеңдеріне шығарылған әндерді орындады. Шара барысында Мұқағали ақынның өлеңдерін оқудан оқушылар арасында байқау ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша Есенов Шахмардан, Игібай Бауыржан мен Сәуірбай Данияр 3-орын,

Нажмедин Бекзат пен Аманғалиқызы Жұлдызай 2-орын,

Түлейбай Әзиза 1-орынды иеленді. Байқау жүлдегерлеріне арнайы диплом және бағалы сыйлық - кітаптар тапсырылды. Шара мұзбалақ ақынның өлеңіне қазақтың біртуар композиторы Нұрғиса Тілендиев шығарған "Сарыжайлау" әнін шараға қатысушылардың бірге орындауымен аяқталды. 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 09:49  Оқылған саны: 7113




18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40