«Еліміздің болашағы – жастар»

«Еліміздің болашағы – жастар» атты әдеби-танымдық кеш. Қараша айының 9 жұлдызында ұйымдастырылған бұл шараға, облыстағы барлық аудан, қалалардан жас ақындар мен жастар саясаты жөніндегі бөлімдер өкілдерінің, республикаға белгілі ақындар: Әзірбайжан Қонарбаев, Рза Оңғарбай, Базархан Сүйеуов, Ахметжан Домбаяқ, Сарсен Қодыр, сықақшы және тележурналист Қожахмет Демеубергенұлы, сазгер және ақын Данияр Аралбайұлының қатысуымен поэзияға байланысты пікір алысу, кездесу болып өтті.

Кәсіпорын директорының орынбасары Д.Аралбай тақырыпқа байланысты баян-дама жасап, кездесу шымылдығын ашып берді. Кездесуді өлкемізге белгілі сатирик, тележурналист Қ.Демеубергенұлы жүргізіп отырды.

Бұл шара өлкеміздегі жас ақындарымыздың басын біріктіріп, олардың талантын, ой-өрісін шыңдау және жастар ортасында ұлттық патриотизмді дамытуға, оларды туған жерін, атажұртын – Отанын сүюге тәрбиелеуге ықпалын тигізді. Шара соңында ақын ағаларының атынан қарт ардагер ақын Б.Сүйеуов бата берді.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:26  Оқылған саны: 15441




21 қыркүйек 2013

"Ақтау қаласының 50 жылдығы"
icon

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата

Жәрияланған уақыты: 12:32  

1 шілде 2013

«Бала – ертеңіміздің иесі»
icon

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық  мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.

Жәрияланған уақыты: 12:10  

24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40