«Көктем шуағы» атты шара
6 наурыз күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде кешен қызметкерлері мен Жыңғылды ауылының С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұжымының бірігіп аналарға арнаған дайындаған дәстүрлі «Көктем шуағы» атты шара болып өтті. Шараға Маңғыстау ауданы Онды ауылының ардақты аналары: зейнеткерлер Байдеева Секер мен Нұрғали Қиясбибі, Онды ауылы әкімдігінің қызметкері Олжабаева Роза және «Отпан» МКҚК қызметкері Шораева Жеміс, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың ұстазы Раханова Түзел қатысты.
Шараны жүргізуші бұл мерекелік шара жылда өткізіліп келе
жатқан дәстүрлі шаралардың бірі екенін, бұрын Таушық, Жыңғылды, Тұщыбек, Шайыр,
Шетпе, Жармыш елді мекендерінің аналарымен кездесу өткен болса, биыл Онды
ауылының аналарымен кездесіп отырғандарын айта келіп, шараға қатысушыларды
қонақтармен таныстырып өтті.
Аналарға сөз бермес бұрын жүргізуші олардың қысқаша өмірбаяндарымен таныстырып өтті. Содан кейін аналар өткен өмір жолдарын әңгіме ете отырып, оқушыларға өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын көрсетіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Аналарға арнап С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Сара Сейітмұратова «Ана туралы монологты», 8-сынып оқушысы Айткүл Өтепберген халық әні «Балапан қазды», 6- сынып оқушысы Бейбарыс Рахымжан жергілікті сазгер Е.Қорабаевтың әні «Қаратауды», 5- сынып оқушысы Ақылбек Текебай ана туралы көркемсөз орындаса, мекеме ардагері Данияр Аралбаев авторлық әндерін айтып берді.
Шара соңынан аналарға «Отпан» МКҚК атынан сый-сияпат жасалды.
21 қыркүйек 2013
"Ақтау қаласының 50 жылдығы"

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата
Жәрияланған уақыты: 12:321 шілде 2013
«Бала – ертеңіміздің иесі»

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.
Жәрияланған уақыты: 12:1024 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
23 желтоқсан 2025
Ақтау — 2025 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы
23 қараша 2025
Отпан тауда дүбірлі «САЛБУРЫН-2025» шарасы өтті.
23 қазан 2025
«Туған өлкем — мақтанышым».








































