«Мен Қалнияз деген күреңің!»
«Адай ата – Отпан тау» кешенінде қазақтың жауынгер ақыны, Адайдың жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығына арналған «Мен Қалнияз деген күреңің!» атты әдеби-танымдық шара болып өтті. Шараға Қалнияз атаның тікелей ұрпағы, белгілі шежіреші, Маңғыстау ақын-жырауларының мұраларын жинақтаушы Өмірзақ Қалбаевтың інісі Құлтан Тәуірбаев, Қалнияздың сүйегін Маңғыстауға әкелуге атсалысқан азамат Әби Қарабаев, Атақозы батыр ұрпағы Жұмабай Әсемұлы, аталас ағайыны Еламан Дарханбайұлы, Республикалық «Қосай ата» қорының төрағасы Сағидолла Төленов, «Маңғыстау облыстық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев және Жыңғылды селосының Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Қатысушылар әуелі «Бата төбе» басындағы Қалнияз ақынның бейітіне зиярат етіп, басына құран оқып, дұға бағыштады. Одан шыққан соң «Отпан» МКҚК ұйымдастырған бұл шара кешендегі «Қарашаңырақта» жалғасты. Шараны мекеме ардагері, «ҚР мәдениет саласының үздігі» Данияр Аралбаев Қалнияз ақынның өміріне арналған «Қалнияз Шопықұлы және оны Отпан тауға қоюдың идеялық маңызы» атты баяндамасымен ашты. Содан соң кезегімен келген қонақтардан Қалнияз атаның тікелей ұрпағы Құлтан Тәуірбаев, «Маңғыстау облыстық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев сөз алды. Көп жылдар Маңғыстау ауданының мәдениет саласында автоклуб меңгерушісі болып істеген, мәдениет майданының майталманы, Шайыр ауылының тұрғыны Тәжиев Қарамырза Қалнияздың «Биік қылып сөйлейін» толғауын асқақтата толғаса, Жыңғылды ауылы мәдениет үйінің қызметкері Бектұров Ниязтұрлы Қалнияздың «Тойбастарын» шалқыта шырқады.
Адайдың жорық жыршысы, қазақтың жауынгер ақыны Қалнияз Шопықұлы 1816 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Сам құмында дүниеге келген. Әкесі Шопық Доспамбетұлы жас кезінде Еділ, Жайық өзендері арасындағы Нарын құмын мекендеген. Кейін Маңғыстауға беттеп, Қарақұм, Үстірт жерінде байлардың малшысы болады. Өмірі жалшылықпен өткен Шопықтың Қалнияз, Көлнияз, Ернияз, Қапа, Рақа, Тілеубай атты 6 баласының үлкені Қалнияз қаршадайынан бай малын бағып, өмірдің тауқыметі мен қиындығын ерте татып, ерте ержетіп, қайралып өседі. Ер жетіп, атқа қонған соң қоржынының бір басына сұқпалы домбырасын, екінші басына жебелерді толтырып салып, асынып жүретін болған.
Оған жаратқан Алла небір жақсы қасиеттерді үйіп берген: ол ақпа-төкпе ақын болумен қатар, жыршы, әнші және күйші де болған. Қалнияз осылай заманында сегіз қырлы, бір сырлы тұлға аталған. Қалнияз Шопықұлы ерлік толғауларымен қатар «Балуанияз», «Ер Қармыс» атты дастандар шығарған. «Ер Қармыс» жырында :
- Қармыс сынды ер қайда?
Айдын-айдын көл қайда?
Жағалай қонар ел қайда?
Маңғыстаудай жер қайда?
Алпыс басты ақ орда,
Айбарақты көрсетіп,
Төске тігер күн қайда ?
Алтын сандық, алпыс тең
Төрге жинар күн қайда?..
Алтын шашбау тағынып,
Құлпырып шығар күн қайда?
Қатар да қатар қара нар
Қатар тіркер күн қайда?
Қалы кілем жаптырып
Ырғала көшер күн қайда?..- деп Қармыстың ерлігін суреттей отыра бұрынғы баба дәуренді аңсап, Доспамбетше толғайды.
Сонымен қатар шаршы топта қарсыласқа дес бермес, есе жібермес азулы айтыс ақыны да болған. Бізге жеткен Кете Тәжібаймен, Жаскілеңмен айтыстары, Хиуа ханының тұтқынына түсіп, алдына барғанда сөйлеген сөздері ақынның сөзден дауыл да тұрғызар, кесте де тоқи алар құдіретін көрсетеді. Ол «Байұлыға белгілі, ұстазым – Тіней Өгізбай» деп Өгізбайды ұстаз тұтып өткен.
Ресей империясы үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесіне» наразылық білдіріп, қарсылық көрсеткен Маңғыстау қазақтарының Иса, Досан батырлар бастаған көтерілісі Ресей тарапынан аяусыз басылғаннан кейін біраз ауыл Хорезм өңіріне ауа көшеді. Бұл мекенде де көп тұрақтамай, 1870 – 1885 жылдар аралығында бірқатар Адай, Табын ауылдарын бастап тәжік жеріне өтіп, одан көшіп Ауғанстанның Гөрібағлан деген жеріне тоқтайды. Бірақ жергілікті ауған әкімдерінің талауына көне алмай Есембет Балжігіт, Жанжігіт және Бәли Марқабай батырлардың ұрыса көшуімен сол ауылдардың бірқатары қайта тәжік жеріне көшеді. Бұқар әміріне қарасты бұл аймақты қоныс ету үшін Байбақты Нұрмағамбет пен Қырықмылтық Жарған қажылар-дың қызмет етуі арқасында, бұрын елсіз жатқан жерлерді мекен етеді.
Ақын қартайған шағында өлең-толғаулар шығарып, жорықтарға бірге аттанған батырларды сағына еске алып, ата қоныс, туған жерін аңсап, елден шалғай жүргеніне налиды. Қолайлы қоныста отырса да елді аңсап, ата мекенге оралу ниетімен бірқатар ауылмен бірге Душанбе, Гиссар бетке көшеді. Бірақ ол мақсатына жете алмай, Қалнияз 1902 жылы 86 жасында Гиссар қыстағында сол жерді мекендеген қазақтар арасында дүниеден өтіп, сонда жерленеді. 2015 жылы Алланың қалауымен, Маңғыстау халқының сұрауымен, артынан өнген ұрпақтары ата мекеніне әкеліп, ақынның киелі сүйегі өзі аңсап, жырлап өткен Маңғыстауына әкелініп, кәрі Отпан тау етегіне, «Адай ата – Отпан тау» кешені маңайынан мәңгілік мекен тапты.
«Отпан» МКҚК мен Жыңғылды селосы Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың өнерлі оқушылары қатысуымен дайындалған, Қалнияз ақынның жырларынан құрылған әдеби-көркем көрініс қатысушылар назарына ұсынылды. Өскелең ұрпақтың өлең мен жырға деген құмарлығы мен орындауға деген ұмтылысы тыңдаушыларды ризалық сезімге бөледі. Әсіресе Қалнияз ақын бейнесін сомдаған Хожабаев Жәмшидтің өлең оқу мәнері көпшілікке ерекше ұнады.
Шара соңында Республикалық «Қосай ата» қорының төрағасы Сағидолла Төленов сөз сұрап, мекеме құрылғаннан бері табан аудармай қызмет етіп келе жатқан еңбегі үшін Дәуітов Бөкенбайға «Қосай ата» меделін тапсырды. Қатысушыларға биыл ғана «Сардар» баспасынан шыққан «Қалнияз едім күнінде» атты Қалнияз ақынның жырлар жинағы тарту етілді. Шараға 41 адам қатысып, 2 экскурсия өткізілді.
20 мамыр 2024
Ұлт өнерiн ұлықтаған ұтады

17 мамыр «Сән үлгісі – көркем мінез» деп аталатын ұлттық киім үлгілерінің шеруіне арналған шара «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп, қазіргі күнде дәстүрлі шараға айналды. Биыл да сол үрдістен айнымай
Жәрияланған уақыты: 11:1417 мамыр 2024
«Әбіш әлеміне саяхат» атты облыс музейлерінің экскурсия жүргізушілері арасында облыстық сайыс өткізілді

15 мамыр күні Бейнеу кентінде Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына орай «Әбіш әлеміне саяхат» атты облыс
Жәрияланған уақыты: 11:136 мамыр 2024
Асыл ағаның аты аталып, ескерткіш тақта қойылды

4 мамыр күні “Адай ата -Отпан тау” тарихи-мәдени кешені құрылысының бастамашы, демеушілердің бірі Қазақстанның құрметті энергетигі, “Қарашаңырақ” ғимараты құрылысының негізін салушылардың бірі, Ақтау қаласының құрметті азаматы Майлыбай
Жәрияланған уақыты: 17:484 мамыр 2024
Отан үшін от кешкендер

3 мамырда "Адай ата - Отпан тау" кешенінде маңғыстаулық майдангерлер Еділханұлы Бекқожаға 110 жыл, Рзаханұлы Биқасқа 100 жыл толуына орай кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отан үшін от кешкендер" атты ардагерлердің ұрпақтарымен кездесу-шара
Жәрияланған уақыты: 17:2120 сәуір 2024
Кешен қызметкерлері форумға қатысты

18 сәуір Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау күніне орай Ә.Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Маңғыстау артефактілері тарихи деректерде" атты форум болып өтті. Форумда "Отпан" МКҚК директорының орынбасары
Жәрияланған уақыты: 19:1811 сәуір 2024
Кешенде мажарлық қазақ ғалымымен кездесу өтті.

11 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне Венгриядағы Лакителек ұлттық шығыстану университеті шығыс бөлімінің оқытушысы, «Барыс – Венгр – Қазақ» қоры президентінің орынбасары, ғалым жерлесіміз Оңайша Мақсымқызы
Жәрияланған уақыты: 18:0711 сәуір 2024
«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде мажарлық ғалыммен кездесу өтті

11 сәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне Венгриядағы Лакителек ұлттық шығыстану университеті шығыс бөлімінің оқытушысы, «Барыс – Венгр – Қазақ» қоры президентінің орынбасары, ғалым жерлесіміз Оңайша Мақсымқызы Мандоки арнайы ат басын бұрып келді.
Жәрияланған уақыты: 17:1713 наурыз 2024
13-14 наурыз күндері "Адай ата-Отпан тау" кешенінде Амал мерекесі халықаралық деңгейде дүрілдеп өтті.

Мерекеге көрші Иран, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан т.б. мемлекеттерден өкілдер келді. Жыңғылды ауылы маңындағы атшабар алаңда ошақ бәйге, аламан бәйге өткізіліп, еліміздің әр жерінен жүйріктер қатысып, бәйге тартысты өтті. Бас жүлде -
Жәрияланған уақыты: 12:337 наурыз 2024
«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Аналар күні аталып өтті.

Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында кешен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Елдің қамын ойлаған – ер мінезді арулар» атты кездесу кеші өтті. Аналар күніне арналған биылғы шараның мақсаты ауылдық әкімшілікте қызмет
Жәрияланған уақыты: 12:449 ақпан 2024
"Жастықты жалмаған соғыс". Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толды

1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес үкіметі басшыларының шешімімен ауған жеріне кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы кіргізілді. Сол әскердің қатарында Қазақстан азаматтары да болды. Иә, ол кезде қазақ елі Кеңестік Социалистік Республикалар
Жәрияланған уақыты: 11:2015 қараша 2023
КИЕЛІ КЕСЕНЕЛЕР МЕН КЕШЕНДЕРГЕ САЯХАТ

5 – 11 қараша күндері «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешен директоры Ж.Кетеева, қызметкерлері Ж.Айдарбек, Р.Қаржаубаева Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен салт-дәстүр орталығына, асиетті Қазығұрт маңайында бой
Жәрияланған уақыты: 09:291 қараша 2023
Отпантауда «Қайқылардың әнімен, сәйкілердің сәнімен» дәстүрлі шарасы өтті

31 қазан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Адайдың жеті қайқысы» аталып кеткен Қаржау Тұрсын Алдашұлы, Медет Жылкелді Теңізбайұлы, Жаңай Өскінбай Қалмамбетұлы, Мая Досат Бәймембетұлы, Жаманадай Тастемір Боранқұлұлы, Кенже
Жәрияланған уақыты: 17:2423 қазан 2023
"Тәуелсіз елдің ұланымыз"

13 қыркүйек 2023
Заң қызметкерлері Ата заң күні кешенге арнайы келіп, экскурсия жасады.

30 тамыз күні ҚР Конституциясы күніне орай Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімінің бір топ қызметкерлері "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешеніне арнайы келіп, "Ақсарай" мұражайын аралап, танысты. Кешен қызметкерлері З.Еңсегенова, Д.Сырым және
Жәрияланған уақыты: 15:1312 шілде 2023
«Көк мойнақтың дүбірі»

"Адай ата-Отпан тау" кешенінде кейінгіге өнеге қылып айтуға тұрарлық жиын болды. Әуелі сөз алған ел азаматтары Көбесов Махамбет пен Қалдаманов Есенбай жақында Абай облысында болған 140 шақырымдық бәйгеде 2-орын алған Көкмойнақ тұлпардың
Жәрияланған уақыты: 09:3310 шілде 2023
«Отпантаудан — Ұлытауға» !

10 шілде күні Бүгін "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде «Отпантаудан – Ұлытауға» атты аймақтың суретшілер экспедициясын сапарға аттандыруға орай жоспардан тыс шара болып өтті. Шараны "Отпан" МКҚК қызметкерлері, Маңғыстау
Жәрияланған уақыты: 09:496 шілде 2023
«Астана қаласына — 25 жыл».

6 шілде күні Астана қаласының 25 жылдығына орай Ақтау қаласында теңіз жағасындағы амфитеатр алаңында «Ерліктің асқары, бірліктің бастауы — Отпан» жылжымалы көрмесі орналастырылып, кешен қызметкерлері Ж.Айдарбек пен Р.Қаржаубаева қала
Жәрияланған уақыты: 09:5130 маусым 2023
"БЕРЕКЕЛІ ДАСТАРХАН" шеберлік шарасы келушілердің алғысына бөленді.

30 маусым күні "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Тұщыбек ауылының қолы епті келіндері Тажимуратова Амангул, Сагинова Балшырын мен кешен қызметкерлерінен құралған қолы епті, аспаздардың қатысуымен ұлтымыздың дәмді де нәрлі
Жәрияланған уақыты: 12:3816 маусым 2023
«Биіктік» шарасына 3 ауылдың тұрғындары мен әкімдері қатысты.

15 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» кешенінде облысымызда гитара аспабында ән айтып, өнер көрсетіп, көпшілікке танымал болып жүрген өнерпаздардың ауыл жастарына, ауыл тұрғындарына арналған «Биіктік» (қазақтың бард-әншісі, марқұм Табылды
Жәрияланған уақыты: 16:5612 маусым 2023
«Отпан» МКҚК Шайыр ауылы балаларына мереке жасады.

6 маусым күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің қызметкерлері облыстық қуыршақ театрымен бірге Шайыр ауылының балабақша тәрбиеленушілері мен ауыл бүлдіршіндеріне, мектеп жанынан ашылған лагерь оқушыларына мереке
Жәрияланған уақыты: 17:4729 мамыр 2023
Айылыңды тартайын, ел намысын артайын

26 мамыр күні "Адай ата - Отпан тау" кешен қызметкерлері Тұщыбек негізгі орта мектебі оқушыларына "Айылыңды тартайын, ел намысын артайын" атты шара болып өтті. Шараның мақсаты – адамзат өркениетінің дамуына үлкен үлес қосқан, жылқы
Жәрияланған уақыты: 17:0624 мамыр 2023
«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде облыстың мәдениет пен өнер қызметкерлері тимбилдинг өткізді.

17 мамыр 2023
Отпан тауда музей мамандарының сайысы өтті.

16 мамыр күні Халықаралық музей күні қарсаңында «Адай ата – Отпан тау» кешенінде «Есте жоқ ескі замандарда...» музей мамандары арасындағы облыстық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты облыстағы музейлердің жас мамандарының білімін ширатып, шеберлігін шыңдау
Жәрияланған уақыты: 17:455 мамыр 2023
Ерлерді сағынғанда

5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Е.Айшуақұлы атындағы мектеп оқушыларына Маңғыстаудың баһадұр батырлары Шабай Қонысұлына 255 жыл, Балуанияз Мүсірепұлына 205 жылдығына және жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлына ерлік
Жәрияланған уақыты: 17:21
Соңғы хабарлар
13 маусым 2025
Кешен қызметкерлері Қызылөзен ауылы балаларына қызықты мереке жасады.
06 маусым 2025
Қызылөзен ауылы аспанында Шәмші әндері қалықтады.
03 маусым 2025
29 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде "Түркі әлемінің тотемі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.












Интернет-ресурстарға сілтемелер