«Мен Қалнияз деген күреңің!»

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде қазақтың жауынгер ақыны, Адайдың жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығына арналған «Мен Қалнияз деген күреңің!» атты әдеби-танымдық шара болып өтті. Шараға  Қалнияз атаның тікелей ұрпағы, белгілі шежіреші, Маңғыстау ақын-жырауларының мұраларын жинақтаушы Өмірзақ Қалбаевтың інісі Құлтан Тәуірбаев, Қалнияздың сүйегін Маңғыстауға әкелуге атсалысқан азамат Әби Қарабаев, Атақозы батыр ұрпағы Жұмабай Әсемұлы, аталас ағайыны Еламан Дарханбайұлы, Республикалық «Қосай ата» қорының төрағасы Сағидолла Төленов, «Маңғыстау облыстық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев және Жыңғылды селосының Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Қатысушылар әуелі «Бата төбе» басындағы  Қалнияз ақынның бейітіне зиярат етіп, басына құран оқып, дұға бағыштады. Одан шыққан соң «Отпан» МКҚК ұйымдастырған бұл шара кешендегі «Қарашаңырақта» жалғасты. Шараны мекеме ардагері, «ҚР мәдениет саласының үздігі» Данияр Аралбаев Қалнияз ақынның өміріне арналған «Қалнияз Шопықұлы және оны Отпан тауға қоюдың идеялық маңызы» атты баяндамасымен ашты. Содан соң кезегімен келген қонақтардан Қалнияз атаның тікелей ұрпағы Құлтан Тәуірбаев, «Маңғыстау облыстық ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев сөз алды. Көп жылдар Маңғыстау ауданының мәдениет саласында автоклуб меңгерушісі болып істеген, мәдениет майданының майталманы, Шайыр ауылының тұрғыны Тәжиев Қарамырза Қалнияздың «Биік қылып сөйлейін» толғауын асқақтата толғаса, Жыңғылды ауылы мәдениет үйінің қызметкері Бектұров Ниязтұрлы Қалнияздың «Тойбастарын» шалқыта шырқады.

Адайдың жорық жыршысы, қазақтың жауынгер ақыны Қалнияз Шопықұлы 1816 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Сам құмында дүниеге келген. Әкесі Шопық Доспамбетұлы жас кезінде Еділ, Жайық өзендері арасындағы Нарын құмын мекендеген. Кейін Маңғыстауға беттеп, Қарақұм, Үстірт жерінде байлардың малшысы болады. Өмірі жалшылықпен өткен Шопықтың Қалнияз, Көлнияз, Ернияз, Қапа, Рақа, Тілеубай атты 6 баласының үлкені Қалнияз қаршадайынан бай малын бағып, өмірдің тауқыметі мен қиындығын ерте татып, ерте ержетіп, қайралып өседі. Ер жетіп, атқа қонған соң қоржынының бір басына сұқпалы домбырасын, екінші басына жебелерді толтырып салып, асынып жүретін болған.

Оған жаратқан Алла небір жақсы қасиеттерді үйіп берген: ол ақпа-төкпе ақын болумен қатар, жыршы, әнші және күйші де болған. Қалнияз осылай заманында сегіз қырлы, бір сырлы тұлға аталған.  Қалнияз Шопықұлы ерлік толғауларымен қатар «Балуанияз», «Ер Қармыс» атты дастандар шығарған.  «Ер Қармыс» жырында :

- Қармыс сынды ер қайда?

Айдын-айдын көл қайда?

Жағалай қонар ел қайда?

Маңғыстаудай жер қайда?

Алпыс басты ақ орда,

Айбарақты көрсетіп,

Төске тігер күн қайда ?

Алтын сандық, алпыс тең

Төрге жинар күн қайда?..

Алтын шашбау тағынып,

Құлпырып шығар күн қайда?

Қатар да қатар қара нар

Қатар тіркер күн қайда?

Қалы кілем жаптырып

  Ырғала көшер күн қайда?..- деп Қармыстың ерлігін суреттей отыра бұрынғы баба дәуренді аңсап, Доспамбетше толғайды.

Сонымен қатар шаршы топта қарсыласқа дес бермес, есе жібермес азулы айтыс ақыны да болған.  Бізге жеткен Кете Тәжібаймен, Жаскілеңмен айтыстары, Хиуа ханының тұтқынына түсіп, алдына барғанда сөйлеген сөздері ақынның сөзден дауыл да тұрғызар, кесте де тоқи алар құдіретін көрсетеді. Ол «Байұлыға белгілі, ұстазым – Тіней Өгізбай» деп Өгізбайды ұстаз тұтып өткен.

Ресей империясы үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесіне» наразылық білдіріп, қарсылық көрсеткен Маңғыстау қазақтарының Иса, Досан батырлар бастаған көтерілісі Ресей тарапынан аяусыз басылғаннан кейін біраз ауыл Хорезм өңіріне ауа көшеді. Бұл мекенде де көп тұрақтамай, 1870 – 1885 жылдар аралығында бірқатар Адай, Табын ауылдарын бастап тәжік жеріне өтіп, одан көшіп Ауғанстанның Гөрібағлан деген жеріне тоқтайды. Бірақ жергілікті ауған әкімдерінің талауына көне алмай Есембет Балжігіт, Жанжігіт және Бәли Марқабай батырлардың ұрыса көшуімен сол ауылдардың бірқатары қайта тәжік жеріне көшеді. Бұқар әміріне қарасты бұл аймақты қоныс ету үшін Байбақты Нұрмағамбет пен Қырықмылтық Жарған қажылар-дың қызмет етуі арқасында, бұрын елсіз жатқан жерлерді мекен етеді.

Ақын қартайған шағында өлең-толғаулар шығарып, жорықтарға бірге аттанған батырларды сағына еске алып, ата қоныс, туған жерін аңсап, елден шалғай жүргеніне налиды. Қолайлы қоныста отырса да елді аңсап, ата мекенге оралу ниетімен бірқатар ауылмен бірге Душанбе, Гиссар бетке көшеді. Бірақ ол мақсатына жете алмай, Қалнияз 1902 жылы 86 жасында Гиссар қыстағында сол жерді мекендеген қазақтар арасында дүниеден өтіп, сонда жерленеді. 2015 жылы Алланың қалауымен, Маңғыстау халқының сұрауымен, артынан өнген ұрпақтары ата мекеніне әкеліп, ақынның киелі сүйегі өзі аңсап, жырлап өткен Маңғыстауына әкелініп, кәрі Отпан тау етегіне,  «Адай ата – Отпан тау» кешені маңайынан мәңгілік мекен тапты. 

«Отпан» МКҚК мен Жыңғылды селосы Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың өнерлі оқушылары қатысуымен дайындалған, Қалнияз ақынның жырларынан құрылған әдеби-көркем көрініс қатысушылар назарына ұсынылды. Өскелең ұрпақтың өлең мен жырға деген құмарлығы мен орындауға деген ұмтылысы тыңдаушыларды ризалық сезімге бөледі. Әсіресе Қалнияз ақын бейнесін сомдаған Хожабаев Жәмшидтің өлең оқу мәнері көпшілікке ерекше ұнады.

Шара соңында Республикалық «Қосай ата» қорының төрағасы Сағидолла Төленов сөз сұрап, мекеме құрылғаннан бері табан аудармай қызмет етіп келе жатқан еңбегі үшін Дәуітов Бөкенбайға «Қосай ата» меделін тапсырды. Қатысушыларға биыл ғана «Сардар» баспасынан шыққан «Қалнияз едім күнінде» атты Қалнияз ақынның жырлар жинағы тарту етілді. Шараға 41 адам қатысып, 2 экскурсия өткізілді.

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 23:38  Оқылған саны: 16568




3 наурыз 2022

Шырайлы шақтың шуақты мерекесі
icon

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Шырайлы шақтың – шуақты мерекесі" атты Маңғыстау ауданы мектептерінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдерімен кездесу-шара және шеберлік сағаты болып өтті.

Шараға Маңғыстау ауданы

Жәрияланған уақыты: 11:53  

24 ақпан 2022

Маңғыстаудың мұзбалағы
icon

24 ақпан күні кешенде қатарынан 3 дүркін республика чемпионы құсбегі Айшуақ Тайманов пен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің "Маңғыстаудың мұзбалағы" атты кездесу болып өтті. Кешен қызметкерлері жеңімпазды шашу шашып қарсы

Жәрияланған уақыты: 12:10  

3 ақпан 2022

Салбурын
icon

3 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық шарасы болып өтті.

Шараның мақсаты: қазақтың бекзат өнері әрі ұлттық спорты құсбегілік пен

Жәрияланған уақыты: 16:03  

15 желтоқсан 2021

«ТӘУЕЛСІЗДІК – БАБАЛАР АМАНАТЫ»
icon

10 желтоқсан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи мәдени кешенінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты шара болып өтті.

Шара үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде 1986 жылы Алматы

Жәрияланған уақыты: 17:31  

25 қараша 2021

КҮЗГІ ПЛЕНЭР -2021.
icon

Пленэр – француз тілінен аударғанда – «ашық ауа» дегенді білдіреді. Айнала қоршаған атмосфера мен күн сәулесі әсеріне байланысты картинадағы бояу түстерінің өзгеруін білдіретін кескіндеме ұғымы. Пленэрлік кескіндеу суретшілердің натураны дәлме-дәл

Жәрияланған уақыты: 16:54  

24 қыркүйек 2021

«Шеберліктің шежіресін шерткендер»
icon

22 қыркүйек күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің Қарашаңырақ ғимаратында Шетпе кентінің шебер аналары Қосбаева Күміс, Қалымова Түрмехан, Ақжігітова Айтуғанның қатысуымен «Шеберліктің шежіресін шерткендер» атты шеберлік сабағы болып өтті.

1.

Жәрияланған уақыты: 14:19  

23 қыркүйек 2021

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
icon

Отпан тауда 22 қыркүйек күні кешенде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінің туристік әлеуеті және оны дамыту жолдары» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы

Жәрияланған уақыты: 14:33  

18 маусым 2021

Отпанда жастар ойын-сауық құрып, ай астында алтыбақан тербелді….
icon

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК және Мұнайлы ауданының Қызылтөбе мәдениет үйі қызметкерлерінің бірігіп ұйымдастыруымен «Ай астында – алтыбақан» атты этнографиялық ойын-сауық кеші өтті.

Шараның мақсаты – ұмыт болып бара

Жәрияланған уақыты: 16:32  

11 маусым 2021

Ә.Кекілбаев атындағы музейде білік арттыру курсы болып өтті
icon

10-11 маусым күндері Ә.Кекілбаев атындағы облыстық өлкетану музейінде "Kazmuseum" оқу-әдістемелік және медиа орталығының ұйымдастыруымен "ХХІ ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап" атты кешенді біліктілік арттыру курсы болып өтті. Аталмыш курсты орталық

Жәрияланған уақыты: 16:09  

2 маусым 2021

Қараман ата әулиеге зиярат
icon

Кешен қызметкерлері "Рухани жаңғыру" ("Туған жер") бағдарламасына орай Маңғыстаудағы 360 әулиенің бірегейі, бұрынғы Маңғыстау жұртының ақ пен қараны, жалған пен шынды, ақиқат пен ғайбатты айыра алмай, ел арасында дау туғанда барып жүгінетін қасиетті әулиесі

Жәрияланған уақыты: 16:27  

26 мамыр 2021

"Ақ тілеудің белгісі - бата" атты этнографиялық шара болып өтті.
icon

Бүгін "Адай Ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде кешен әдіскері З.Еңсегенованың ұйымдастыруымен "Ақ тілеудің белгісі- бата" атты шара болып өтті. Шараның мақсаты- ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттау, жас келінді аластап, жас отауға бата беру арқылы жанұя

Жәрияланған уақыты: 16:08  

18 мамыр 2021

«БАБАМНАН ҚАЛҒАН КӨЗ ЕДІ..." атты шара өткізілді.
icon

18 мамыр күні кешенде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және халықаралық музей күніне орай «БАБАМНАН ҚАЛҒАН КӨЗ ЕДІ..." атты шара өткізілді. 

Шараның мақсаты – ел ішінде елімізге, өлкемізге танымал азаматтардың, болмаса

Жәрияланған уақыты: 15:23  

10 мамыр 2021

Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай кешен қызметкерлерінің күшімен Н.Түркпенбаеваның «Қиын жылдар қасіреті» драмасы қойылды.

10 мамыр күні Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай кешен қызметкерлерінің күшімен Н.Түркпенбаеваның «Қиын жылдар қасіреті» драмасы қойылды. Драманың авторы және режиссері — кешен қызметкері, мәдениет саласының майталманы Набат Спайқызы Түркпенбаева. Ролдерді

Жәрияланған уақыты: 15:08  

17 наурыз 2021

Амал мерекесінде кешенде тал егу акциясы өтті.
icon

Дәстүрлі Амал мерекесі аясында "З0 жылдыққа - 30 тал" акциясы ұйымдастырылып, облыс әкімі Серікбай Тұрымов пен ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сабыр Адайдың және Сегіз арыс ақсақалдарының қатысуымен Қарашаңырақ алдында 30 түп туя ағашы егілді.

13

Жәрияланған уақыты: 12:02  

16 наурыз 2021

«Адай ата — Отпан тау» кешенінде АМАЛ-2021 мерекесі аталып өтілді
icon

13 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" кешеніндегі дәстүрлі Амал мерекесі биыл Балықшы ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өтті (Былтыр мереке пандемияға байланысты өткізілмеген. Биыл Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына

Жәрияланған уақыты: 11:58  

11 наурыз 2021

Отпан тауда "Үлгілі келін" сайысы өтті
icon

Үстіміздегі жылдың 10 наурыз күні кешенде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Балықшы ата ұрпақтарының демеушілігімен "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде

Жәрияланған уақыты: 11:43  

5 наурыз 2021

ОТПАНДА ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР ШЕРУІ
icon

4 наурыз күні "Отпан" МКҚК "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Ұлттық киімдер күні мен Аналар мерекесіне арналған "Сән үлгісі – көркем мінез" атты шара өтті. Шарада маңғыстаулық ұлттық сән

Жәрияланған уақыты: 11:59  

9 ақпан 2021

"Жүрегім менің-Жанартау" атты әдеби-шығармашылық шараға дайындалған бейнеролик

"Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде ғасыр ақыны М.Мақатаевтың 90-жылдығына орай бүгінгі өткен "Жүрегім менің-Жанартау" атты әдеби-шығармашылық шараға кешен маманы Гүлсамал Қанашқызының дайындаған бейнеролигін тамашалаңыздар! 

Жәрияланған уақыты: 10:03  

9 ақпан 2021

"ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ – ЖАНАРТАУ"
icon

- Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам халқым соған елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев -

Өлтіре алмас бірақта өлеңді ешкім!..

"Ақынмын" деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын

Жәрияланған уақыты: 09:49  

1 ақпан 2021

«САЛБУРЫН – 2021»
icon

Қаңтардың соңғы күндерінің бірінде «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кешенде саятшылыққа, құсбегілікке арналған дәстүрлі «Салбурын» этношарасы өткізілді. Шараға Тұщыбек ауылының құсбегілері, олардың

Жәрияланған уақыты: 09:28  

19 қаңтар 2021

«Адай ата - Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніне бос лауазымдарға жұмысшы, қызметкерлер қабылдайды.

«Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Адай ата - Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніне бос лауазымдарға жұмысшы, қызметкерлер қабылдайды.

- Тарих бөлімінің меңгерушісі – 1 бірлік

- Билет

Жәрияланған уақыты: 13:14  

15 желтоқсан 2020

«АЛАШ АРЫСТАРЫ АҢСАҒАН КҮН»
icon

Бүгін "Адай ата - Отпан тау" кешенінде қызметкерлердің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған "Алаш арыстары аңсаған күн" атты патриоттық мәдени шара болып өтті. Шараға Тұщыбек ауылының еңбек ардагерлері, ұстаздар, Тұщыбек негізгі орта мектебінің

Жәрияланған уақыты: 12:04  

4 желтоқсан 2020

«Отпан» МКҚК-ң директоры бос қызмет орнына конкурс жариялайды

«Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-не қарасты «Отпан» МКҚК-ң директоры бос қызмет орнына конкурс жариялайды.

Маңғыстау облысының мәдениет,

Жәрияланған уақыты: 14:19  

16 қазан 2020

"Маңғыстау - машайықтар мекені" жылжымалы көрмесі

Бекет атаның 270 жылдығына орай "Маңғыстау - машайықтар мекені" жылжымалы көрмесіне бейне экскурсия жүргізуші экскурсовод Гүлсамал Қанашқызы.  

Жәрияланған уақыты: 23:00