Отпан тауда дәстүрлі ақындар кездесуі өтті.
13 сәуір күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде дәстүрлі аға буын ақындар мен жас талап ақындардың кездесуі болып өтті. Бұл жолғы кездесуге осы кешен идеясының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың, Құрмет орденінің иегері ақиық ақын Сабыр Адай мен Ақшымырау ауылының Т.Әлниязұлы атындағы, Қызан ауылының Ә.Жангелдин атындағы орта мектептердің, Жыңғылды ауылының С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Сабыр ақын кешеннің салыну мақсаты мен идеясын оқушыларға түсіндіріп, еліміздің және өлке тарихы туралы, ел қорғаған батырлар туралы, әсерлі әңгімелеп берді. Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген түрлі-түрлі сұрақтарын қойып, Сабыр Шеркешбайұлы сұрақтарға тұщымды жауап берді.
Сұрақ-жауаптан соң 3 мектептің оқушылары: Т.Әлниязұлы атындағы мектептің жас өрендері Сейтжанқызы Арай, Арыстанбай Гүлжанат, Рахметұлы Жандос, Жангелдин атындағы мектеп жас ақыны Рашидова Айнаштұмар, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың ақын жанды ұландары Саматқызы Айсары мен Текебай Мөлдір кезектерімен шығып бірі ақын ағаларының жауһар жырларын оқыса, енді бірі өздерінің балауса өлеңдерін оқып, өнерлерін ортаға салып, ақынның батасын алды. Сабыр ақын қолтаңба альбомына қолтаңбасын қалдырып, ақшымыраулық жас талап Рахметұлы Жандосқа «Алтынзер» жыр жинағын қолтаңбасымен сыйға тартты.
Кеш соңынан Ақшымырау ауылының әкімі Айдос Шамғұлов, Ақшымырау ауылы мәдениет үйінің директоры Қосқали Тындырғанов және Т.Әлниязұлы атындағы мектеп директоры Бекарыс Телеғұсов мырзалар Сабыр ақынға шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Шара соңынан қонақтар естелікке суретке түсіп, Адай ата кесенесін зиярат етті.
Кешеннің бөлім меңгерушісі Жомарт Айдарбек
18 маусым 2021
Отпанда жастар ойын-сауық құрып, ай астында алтыбақан тербелді….

«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК және Мұнайлы ауданының Қызылтөбе мәдениет үйі қызметкерлерінің бірігіп ұйымдастыруымен «Ай астында – алтыбақан» атты этнографиялық ойын-сауық кеші өтті.
Шараның мақсаты – ұмыт болып бара
Жәрияланған уақыты: 16:3211 маусым 2021
Ә.Кекілбаев атындағы музейде білік арттыру курсы болып өтті

10-11 маусым күндері Ә.Кекілбаев атындағы облыстық өлкетану музейінде "Kazmuseum" оқу-әдістемелік және медиа орталығының ұйымдастыруымен "ХХІ ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап" атты кешенді біліктілік арттыру курсы болып өтті. Аталмыш курсты орталық
Жәрияланған уақыты: 16:092 маусым 2021
Қараман ата әулиеге зиярат

Кешен қызметкерлері "Рухани жаңғыру" ("Туған жер") бағдарламасына орай Маңғыстаудағы 360 әулиенің бірегейі, бұрынғы Маңғыстау жұртының ақ пен қараны, жалған пен шынды, ақиқат пен ғайбатты айыра алмай, ел арасында дау туғанда барып жүгінетін қасиетті әулиесі
Жәрияланған уақыты: 16:2726 мамыр 2021
"Ақ тілеудің белгісі - бата" атты этнографиялық шара болып өтті.

Бүгін "Адай Ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде кешен әдіскері З.Еңсегенованың ұйымдастыруымен "Ақ тілеудің белгісі- бата" атты шара болып өтті. Шараның мақсаты- ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттау, жас келінді аластап, жас отауға бата беру арқылы жанұя
Жәрияланған уақыты: 16:0818 мамыр 2021
«БАБАМНАН ҚАЛҒАН КӨЗ ЕДІ..." атты шара өткізілді.

18 мамыр күні кешенде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және халықаралық музей күніне орай «БАБАМНАН ҚАЛҒАН КӨЗ ЕДІ..." атты шара өткізілді.
Шараның мақсаты – ел ішінде елімізге, өлкемізге танымал азаматтардың, болмаса
Жәрияланған уақыты: 15:2310 мамыр 2021
Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай кешен қызметкерлерінің күшімен Н.Түркпенбаеваның «Қиын жылдар қасіреті» драмасы қойылды.
10 мамыр күні Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай кешен қызметкерлерінің күшімен Н.Түркпенбаеваның «Қиын жылдар қасіреті» драмасы қойылды. Драманың авторы және режиссері — кешен қызметкері, мәдениет саласының майталманы Набат Спайқызы Түркпенбаева. Ролдерді
Жәрияланған уақыты: 15:0817 наурыз 2021
Амал мерекесінде кешенде тал егу акциясы өтті.

Дәстүрлі Амал мерекесі аясында "З0 жылдыққа - 30 тал" акциясы ұйымдастырылып, облыс әкімі Серікбай Тұрымов пен ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сабыр Адайдың және Сегіз арыс ақсақалдарының қатысуымен Қарашаңырақ алдында 30 түп туя ағашы егілді.
13
Жәрияланған уақыты: 12:0216 наурыз 2021
«Адай ата — Отпан тау» кешенінде АМАЛ-2021 мерекесі аталып өтілді

13 наурыз күні "Адай ата - Отпан тау" кешеніндегі дәстүрлі Амал мерекесі биыл Балықшы ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен өтті (Былтыр мереке пандемияға байланысты өткізілмеген. Биыл Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына
Жәрияланған уақыты: 11:5811 наурыз 2021
Отпан тауда "Үлгілі келін" сайысы өтті

Үстіміздегі жылдың 10 наурыз күні кешенде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Балықшы ата ұрпақтарының демеушілігімен "Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде
Жәрияланған уақыты: 11:435 наурыз 2021
ОТПАНДА ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР ШЕРУІ

4 наурыз күні "Отпан" МКҚК "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Ұлттық киімдер күні мен Аналар мерекесіне арналған "Сән үлгісі – көркем мінез" атты шара өтті. Шарада маңғыстаулық ұлттық сән
Жәрияланған уақыты: 11:599 ақпан 2021
"Жүрегім менің-Жанартау" атты әдеби-шығармашылық шараға дайындалған бейнеролик
"Адай ата - Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде ғасыр ақыны М.Мақатаевтың 90-жылдығына орай бүгінгі өткен "Жүрегім менің-Жанартау" атты әдеби-шығармашылық шараға кешен маманы Гүлсамал Қанашқызының дайындаған бейнеролигін тамашалаңыздар!
9 ақпан 2021
"ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ – ЖАНАРТАУ"

- Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам халқым соған елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев -
Өлтіре алмас бірақта өлеңді ешкім!..
"Ақынмын" деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын
Жәрияланған уақыты: 09:491 ақпан 2021
«САЛБУРЫН – 2021»

Қаңтардың соңғы күндерінің бірінде «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кешенде саятшылыққа, құсбегілікке арналған дәстүрлі «Салбурын» этношарасы өткізілді. Шараға Тұщыбек ауылының құсбегілері, олардың
Жәрияланған уақыты: 09:2819 қаңтар 2021
«Адай ата - Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніне бос лауазымдарға жұмысшы, қызметкерлер қабылдайды.
«Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Адай ата - Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніне бос лауазымдарға жұмысшы, қызметкерлер қабылдайды.
- Тарих бөлімінің меңгерушісі – 1 бірлік
- Билет
Жәрияланған уақыты: 13:1415 желтоқсан 2020
«АЛАШ АРЫСТАРЫ АҢСАҒАН КҮН»

Бүгін "Адай ата - Отпан тау" кешенінде қызметкерлердің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған "Алаш арыстары аңсаған күн" атты патриоттық мәдени шара болып өтті. Шараға Тұщыбек ауылының еңбек ардагерлері, ұстаздар, Тұщыбек негізгі орта мектебінің
Жәрияланған уақыты: 12:044 желтоқсан 2020
«Отпан» МКҚК-ң директоры бос қызмет орнына конкурс жариялайды
«Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-не қарасты «Отпан» МКҚК-ң директоры бос қызмет орнына конкурс жариялайды.
Маңғыстау облысының мәдениет,
Жәрияланған уақыты: 14:1916 қазан 2020
"Маңғыстау - машайықтар мекені" жылжымалы көрмесі
Бекет атаның 270 жылдығына орай "Маңғыстау - машайықтар мекені" жылжымалы көрмесіне бейне экскурсия жүргізуші экскурсовод Гүлсамал Қанашқызы.
8 қазан 2020
ШАЛМАҒАМБЕТ немесе СЫРЛЫ АСАНЫҢ СЫРЫ
«Бейнебаянды оқыған "Адай ата - Отпан тау" кешенінің экскурсоводы Гүлсамал Қанашқызы»
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1258560851182232&id=381700648868261
16 қыркүйек 2020
Ұсталық өнер мен ұста көрігі туралы
Кешен қызметкері Райса Қаржаубаева дайындаған ұсталық өнер мен ұста көрігі туралы орыс тіліндегі бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
Жәрияланған уақыты: 16:2810 қыркүйек 2020
«Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» жобасы

Кешенге «Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» жобасы аясында Маңғыстауға келген экспедиция мүшелері: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы
Жәрияланған уақыты: 22:451 шілде 2020
Бата-халық қазынасы.
"Батаменен ер көгерер"
Бата-халық қазынасы.
"Жаңбырменен жер көгерер,батаменен ер көгерер" деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе,береке арылмайды.
Салт-дəстүріміздің
Жәрияланған уақыты: 16:2222 маусым 2020
Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы» Бектұр Төлеуғалиев биыл 80 жаста.
Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан
Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Маңғыстау
облысының «Құрметті азаматы» Бектұр Төлеуғалиев биыл 80 жаста.
10 наурыз 2020
«Анашым – жанашырым»

Бүгін «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде Аналар күніне арналған «Анашым – жанашырым» атты мерекелік шара болып өтті. Шараға Шетпе кентінің ардақты аналары Алданбергенова Орынша, Қилыбаева Меруерт Егдірбайқызы, Сая Камешқызы
Жәрияланған уақыты: 09:3214 ақпан 2020
Дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық шара болып өтті

Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды












Интернет-ресурстарға сілтемелер