Бата беру
«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде маусым айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шаралардың бірі «Батамен ер көгерер» деп аталады. Кешен басшылығы мен қызметкерлері киелі Отпан тауда кешенге арнайы зияраттап келген жаңа отау құрған жас отбасыларға, жоғары оқу орнына түсуге бара жатқан, әскерге аттанып бара жатқан жастарға, т.б. бата беру дәстүрін жандандырып отыр.
Бұл жолы кешенге Шетпе кентінен кешен қызметкері Нарешова Маржанның бала-келіні Ақтауұлы Бақытжан мен Ерболатқызы Ақжарқын Адай атаның кесенесі орнаған Отпан тауда бата алу үшін арнайы ат басын бұрып келіпті.
Қазақ батаға ерекше мән берген және өте қастерлеген. Қазақ халқының бата беру дәстүрі – тамыры тереңде жатқан, халық тарихымен тағдырлас, замананың талай талқысына түссе де, елдің тұрмыс салтынан өшпей, тайға таңба басқандай айқын орныққан, ұрпақ үшін тәлім-тәрбие болған тағылымы мол тамаша мұрамыз. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет болып, іс-әрекеттерімізге, жұмыстарымызға жол ашып, бәле–жаладан қорғайды деген сенім халқымызда нық орныққан. Бата беретіндер көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер қариялар, от ауызды, орақ тілді ақын-жыраулар, ауызы дуалы би, шешендер, еңбегімен елге сыйлы адамдар, бармағынан бал тамған ұста, шеберлер мен құдайы қонақтар болған.
Батаның түрлері бар. Ас батасы, Сапар батасы, Нәрестеге бата, Ұлға бата, Қызға бата, Жас келінге бата, Сүндет той батасы, Наурыз батасы, Ораза (Жарапазан) батасы, Айт батасы .
Ас батасы — ас келгенде және асты қайыру кезінде жасалады. Рамазан батасы — ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы — ұзақ жол, қиын сапарға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, аузы дуалы ақсақалдан бата алады т.б.
Қазақтың салт-дәстүрін негізге ала отырып жас жұбайларға сұрақтар қойылып, жастар жауап беріп, сынақтан өтті.
Қазақта ұрпаққа тәлім бере отырып, «Атаңның ботасын алма, батасын ал: ботаң өліп қалар, батадан бағың жанар» деп бата алуға аса маңыз берген. Сол жолмен жас жұбайларға бата беру рәсімі кәсіпорынның ардагері, «Мәдениет саласының үздігі», 7 ұл-қыздың әкесі, бірнеше немеренің атасы Аралбаев Данияр жастарға аталық батасын берді. Жас-жұбайлардың туыстары ақсақалға сый-сияпат жасады.
Шараға арнайы шақырылған М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония әншісі Марат Сапаров жас жұбайлар мен жиналған шара қонақтарына арнап бірнеше ән орындап берді.
8 қазан 2020
ШАЛМАҒАМБЕТ немесе СЫРЛЫ АСАНЫҢ СЫРЫ
«Бейнебаянды оқыған "Адай ата - Отпан тау" кешенінің экскурсоводы Гүлсамал Қанашқызы»
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1258560851182232&id=381700648868261
16 қыркүйек 2020
Ұсталық өнер мен ұста көрігі туралы
Кешен қызметкері Райса Қаржаубаева дайындаған ұсталық өнер мен ұста көрігі туралы орыс тіліндегі бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
Жәрияланған уақыты: 16:2810 қыркүйек 2020
«Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» жобасы

Кешенге «Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» жобасы аясында Маңғыстауға келген экспедиция мүшелері: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы
Жәрияланған уақыты: 22:451 шілде 2020
Бата-халық қазынасы.
"Батаменен ер көгерер"
Бата-халық қазынасы.
"Жаңбырменен жер көгерер,батаменен ер көгерер" деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе,береке арылмайды.
Салт-дəстүріміздің
Жәрияланған уақыты: 16:2222 маусым 2020
Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы» Бектұр Төлеуғалиев биыл 80 жаста.
Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан
Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Маңғыстау
облысының «Құрметті азаматы» Бектұр Төлеуғалиев биыл 80 жаста.
10 наурыз 2020
«Анашым – жанашырым»

Бүгін «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде Аналар күніне арналған «Анашым – жанашырым» атты мерекелік шара болып өтті. Шараға Шетпе кентінің ардақты аналары Алданбергенова Орынша, Қилыбаева Меруерт Егдірбайқызы, Сая Камешқызы
Жәрияланған уақыты: 09:3214 ақпан 2020
Дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық шара болып өтті

10 желтоқсан 2019
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАРА НАРЫ

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, этнограф-зерттеуші, публицист, ақын Қабиболла Сыдиықовтың 85 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің қара нары» атты танымдық шара болып өтті.
Шараның
Жәрияланған уақыты: 11:351 қараша 2019
«Өмірі өнерімен өрнектелген»

Үстіміздегі жылдың қазан айының 31 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ҚР мәдениет саласының үздігі, саяси және қоғам қайраткері, сазгер, бард-ақын, мекеме ардагері Данияр Аралбаевтың шығармашылығына арналған
Жәрияланған уақыты: 15:5710 қазан 2019
"Алуан түрлі кәсіп бар"

25 қыркүйек күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи-танымдық этно-мәдени кешенінде "Алуан түрлі кәсіп бар" деп аталатын шара болып өтті. Шараның мақсаты: оқушылар мен жастарға мамандық таңдауда көмектесу, бағыт беру. Шараға Шетпе кентінің жеке
Жәрияланған уақыты: 11:553 қазан 2019
"Адай ата - Отпан тау" кешенінің қызметкерлері жоспарға сәйес "Туған жер" бағдарламасы бойынша Мыңкісі қорымына саяхат жасап (зиярат етіп) қайтты

"Адай ата - Отпан тау" кешенінің қызметкерлері жоспарға сәйес "Туған жер" бағдарламасы бойынша Мыңкісі қорымына саяхат жасап (зиярат етіп) қайтты. Сонымен қатар қорым түнеуханасының айналасындағы орындықтарды сырлап, ауланы тазалап, аумақтағы
Жәрияланған уақыты: 09:324 қыркүйек 2019
"Адай ата - Отпан тау" тарихи мәдени кешенінің қызметкерлері Tүркістан облыстарында іссапармен болып қайтты

28 тамыз - 3 қыркүйек аралығында "Адай ата - Отпан тау" тарихи мәдени кешенінің қызметкерлері Құралай Ізімбергенова мен Жомарт Айдарбек Жамбыл, Түркістан облыстарында іссапармен болып қайтты. Іссапар барысында өлкетанушы Ідірейіс Серікбаев
Жәрияланған уақыты: 09:271 шілде 2019
Бақытты балалық шақ

"Адай ата-Отпан тау" кешенінде балаларды қорғау күніне орай кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналған мереке ұйымдастырылды. Шараға балалар мен олардың ата-аналары белсене қатысты. Түрлі спорттық, интеллектуалдық ойындар ойналып, балалар
Жәрияланған уақыты: 11:1916 маусым 2019
Ай астында алтыбақан.

22 мамыр 2019
Дәстүрлі мәдениет пен өнер қызметкерлері күні

21 мамыр күні дәстүрлі мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай "Ақбосаға" мейрамханасында ұйымдастырылған мерекеде кешен қызметкерлері Шораева Жеміс пен Қаржаубаева Райса облыс әкімі Е.Тоғжановтың Алғыс хатына, Ыбашев Асхат, Мәстекбаев Тоқтар,
Жәрияланған уақыты: 10:4713 мамыр 2019
«Адай ата – Отпан тау» кешенінде майдангер батырды еске алды.

Ұлы Жеңіс күніне байланысты «Адай ата – Отпан тау» кешенінде Ұлы Отан соғысының майдангері, жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері жерлесіміз Кемер Оңғалбаевтың ерлігіне арналған дәстүрлі «Ер есімі өшпейді ел есінен» атты патриоттық-танымдық
Жәрияланған уақыты: 09:213 мамыр 2019
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call Центр
Жәрияланған уақыты: 16:573 мамыр 2019
«Жыр жебе» – Адай атада!

24 сәуірде «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде дәстүрлі «Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты ақындармен кездесу болып өтті. Шараға Ақтау қаласындағы «Жыр жебе» айтыскер ақындар мектебінің түлектері мен Ақтау қаласы
Жәрияланған уақыты: 11:2329 сәуір 2019
Халық емшілері Отпан тауда бас қосты.

18-cәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Маңғыстау облысындағы халық емшілерімен облыс жұртшылығы және мектеп оқушыларының қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» атты
Жәрияланған уақыты: 17:2320 наурыз 2019
Амал мерекесі Ақтаудан басталып, Адай атаға маңдай тіреді!

Жалпы Амал тойы жылдан жылға жаңарып, қанаты кеңейіп, қатары көбейіп, толысып, жетісіп келе жатқаны үнемі қатысып жүрген көрермендер мен қызықтаушыларға айдай анық. Биылғы Амал мерекесі де ерекше болды. Былтыр 2018 жылғы Амал
Жәрияланған уақыты: 11:5119 ақпан 2019
"Адай ата - Отпан тау" тарихи этно - мәдени кешенінде «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты дәстүрлі этнографиялық шара өткізілді.

19 қаңтар күні "Адай ата - Отпан тау" тарихи этно -мәдени кешенінде «Қазақтың бір құмары – бүркіт, тазы» атты дәстүрлі этнографиялық шара өткізілді. Шараны өткізудегі мақсат – өлкемізде кенже қалып қойған бекзат өнер құсбегілік пен саятшылықты
Жәрияланған уақыты: 11:5717 ақпан 2019
Шетел білімі – Отан игілігіне

Ақпан айының 16 күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Шетел білімі – Отан игілігіне» атты шетелде оқып, елімізде қызмет жасап жүрген жас мамандар мен мектеп бітіргелі отырған оқушыларға арналған кездесу өтті. Шараға Қытай мұнай
Жәрияланған уақыты: 16:5814 желтоқсан 2018
«Тәуелсіздік – тұғырым»

Кешен қызметкерлері Маңғыстау аудандық жастар ресурсы орталығымен бірлесіп Шетпе кентіндегі Б.Жұмалиев атындағы орта мектепте «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шара өткізді.
Шараға Маңғыстау аудандық жастар орталығының директоры А.Қонарбаев
Жәрияланған уақыты: 11:3626 қазан 2018
«Отпан тау суретшілер көзімен»

26 қазан күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан тау суретшілер көзімен» атты сурет өнеріне арналған танымдық шара өтті. Шараға Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің, Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары және Маңғыстау өнер колледжінің
Жәрияланған уақыты: 10:31
Соңғы хабарлар
13 маусым 2025
Кешен қызметкерлері Қызылөзен ауылы балаларына қызықты мереке жасады.
06 маусым 2025
Қызылөзен ауылы аспанында Шәмші әндері қалықтады.
03 маусым 2025
29 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде "Түркі әлемінің тотемі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.












Интернет-ресурстарға сілтемелер