Ж.Қалдықараевқа 100 жыл
"Ер есімі - ел есінде".
Кеңес Одағының Батыры Ж.Қалдықараевқа -100 жыл.
Жеңіс күні қарсаңында маңғыстаулық Кеңес Одағының Батыры Жұмағали Қалдықараевтың 100 жылдығына орай Ақпан ата ұрпақтарымен бірге өткізуге жоспарланған шара болып өтті. 2017 жылы Ақпан ата ұрпақтары бір топ ел азаматтары, Батырдың туыстарымен бірге Белорусь елінің Мозырь қаласына сапар шегіп, Жұмағали жерленген жерге туған елдің топырағын сеуіп, ол жатқан жерден бір уыс топырақ әкеліп, Шопан ата қорымы маңынан кесене тұрғызып, тұрпатын салған еді. Кейін ол жерге бақилық болған ағайын-туыс ары жерленіп, "Жұмағали қорымы" аталып кетті. Биыл 100 жылдық мерейтойына батырдың басында митинг ұйымдастырылып, облыстан, Ақтөбе, Астана, Алматы т.б. қалалардан арнайы шақырылған қонақтар ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін айтты. Шопан ата басында батыр рухына арнап ас беріліп, сонымен бірге ертеде марқұм болған Жылыс, Үмбет, Жақып және Байторы аталарға да арнап құран қатым етіліп, дұға бағышталды. Бірнеше жыл өлке майдангерлерінің, соның ішінде Жұмағали Қалдықараевтың ерліктерін насихаттап келе жатқан "Адай ата -Отпан тау" кешені қызметкерлеріне батырдың "Алтын жұлдызы" мен Ленин орденінің көшірмесін сыйға тартты. Астан кейін ас-шараға қатысушылар Жабай ұшқан тауы етегінде орналасқан ақпандардың ата қонысындағы ескі қорымына зиярат етіп, бабалар рухына арнап құран оқыды. Қорым маңайында қолдан қазып, таспен ескіше шегендеген бірнеше құдық 2-3 ғасыр бұрын бұл жерде ел болғанының куәсіндей. Жолай кешен қызметкерлері мен шараға қатысушылар "Ақпан су" аталатын ну қамыс өскен оазисті тамашалап, бабалар жатқан қасиетті қорымға қош айтып, ғибратты сапарды тәмамдады.
23 мамыр 2017
«ҚР мәдениет саласының үздігі» Данияр Аралбаевтың шығармашылығы мен өмір жолы

Отпан тауда мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің күніне орай дәстүрлі «Өлке мақтаныштары» шарасы өткізілді. Шара «Отпан» МКҚК құрылғаннан бері үзбей қызмет істеп келе жатқан мекеме ардагері, «ҚР мәдениет саласының үздігі» Данияр Аралбаевтың шығармашылығы мен
Жәрияланған уақыты: 10:0512 мамыр 2017
Сисем атаға саяхат

«Туған жер » бағдарламасына сәйкес «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің қатысуымен киелі орындармен танысу бағытында Үстірттегі «Сисем ата» қорымына экскурсия ұйымдастырылды.
8 мамыр 2017
Cовет Одағының Батыры Біләл Қалиевтің 100 жылдығына арналған "Ер есімі өшпейді ел есінен" атты патриоттық шара

«Отпан» МКҚК мен С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұжымдарының ұйымдастыруымен жерлесіміз, Совет Одағының Батыры Біләл Қалиевтің 100 жылдығына арналған "Ер есімі өшпейді ел есінен" атты патриоттық шара болып өтті. Шараның мақсаты: "Ерлер есімін ешқашан
Жәрияланған уақыты: 09:598 мамыр 2017
Cовет Одағының Батыры Біләл Қалиевтің 100 жылдығына арналған "Ер есімі өшпейді ел есінен" атты патриоттық шара

«Отпан» МКҚК мен С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұжымдарының ұйымдастыруымен жерлесіміз, Совет Одағының Батыры Біләл Қалиевтің 100 жылдығына арналған "Ер есімі өшпейді ел есінен" атты патриоттық шара болып өтті. Шараның мақсаты: "Ерлер есімін ешқашан
Жәрияланған уақыты: 09:5922 сәуір 2017
Батыс Қазақстан облысына іссапар
«Отпан» тарихи мәдени кешені қызметкерлері: тарих бөлімінің меңгерушісі Құралай Ізімбергенова және кешен экскурсоводы Маржан Нәрешова Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облысына іссапармен барды.
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі білім басқармасының
Жәрияланған уақыты: 09:5716 наурыз 2017
"ҚХА облыстық семинарына қатысушылар - Отпанда"

16 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында өткен семинарға қатысушылар кешенге келіп, Адай ата кесенесіне зиярат жасап, Адай ата рухына құран бағышталды.
Жәрияланған уақыты: 23:23
14 наурыз 2017
"Ұлттық қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі"

14 наурыз күні «Амал-2017» мерекесі аясында «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен екінші рет ұлттық қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Көрме-жәрмеңкеге облысымыздың Ақтау, Жаңа өзен қалалары мен Маңғыстау, Қарақия,
Жәрияланған уақыты: 23:156 наурыз 2017
«Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шарасы

6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шараға Шайыр орта, Тұщыбек негізгі орта мектеп оқушылары, Жармыш аулынан көп балалы, өнерлі де өнегелі аналары Күбікова Ақкенже, Балиғатова Бану, Кенғанова Түрше,
Жәрияланған уақыты: 22:5324 ақпан 2017
"ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ақтоты Райымқұлова Отпанда"

24 ақпан күні «Отпан» кешеніне облысқа ресми іссапармен келген ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ақтоты Райымқұлова келіп, Адай ата кесенесіне зияраттап, Ақсарай мұражайын аралады. Вице-министр кешенге келген құрметті қонақтарға арналған
Жәрияланған уақыты: 12:5022 ақпан 2017
«Жарасар алтын ілгек ақ көйлекке»

22 ақпан Шетпе гимназиясының оқушыларына өлкемізге белгілі халық композиторы, әнші, қолөнер шебері Қайып Қорабайұлының туғанына 160 жыл толуына орай, оның шығармашылығына арнап «Жарасар алтын ілгек ақ көйлекке» атты танымдық шара өткізіліп,
Жәрияланған уақыты: 22:472 ақпан 2017
«Салбурын -2017»

2 ақпан күні қазақ халқының саятшылық, құсбегілік өнеріне арналған жергілікті Тұщыбек ауылы құсбегілерінің қатысуымен дәстүрлі «Салбурын» атты дәстүрлі танымдық–этнографиялық шара өткізілді.Шараға Шайыр орта мектебі, Тұщыбек
Жәрияланған уақыты: 22:4116 қараша 2016
«Тәуелсіздік – тұғырым»

16 қараша күні Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шара өткізілді. Шараға Тұщыбек ауылының еңбек ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты. ҚР тәуелсіздігінің тарихы мен маңыз-дылығы туралы «Отпан» МКҚК
Жәрияланған уақыты: 14:2710 қараша 2016
«Есбол Өмірбаев – 100 жаста»

Өмірі мен қызметіне арнап Ұштаған, Онды және Жармыш орта мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, лекция оқу (Әдеби-танымдық шара). 9-10 қарашада Ұштаған, Онды, Жармыш мектептері оқушыларымен белгілі өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың 100 жылдығына орай
Жәрияланған уақыты: 23:5510 қараша 2016
«Маңғыстаудың Марғұланы»

9-10 қарашада белгілі өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың 100 жылдығына орай Ұштаған, Онды, Жармыш мектептері оқушыларымен «Маңғыстаудың Марғұланы» атты кездесу өткізілді. Шара барысында оқушыларға Е.Өмірбаев туралы 7,5 минуттік бейнефильм
Жәрияланған уақыты: 14:477 қараша 2016
«Халықтар достығы – бірлікте»

7 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте» атты мәдени-этнографиялық көпшілік шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6 этно-мәдени орталық өкілдері: «Ехпайрутюн» армян ЭМО-ның өкілі Дамилян
Жәрияланған уақыты: 16:227 қараша 2016
«Халықтар достығы – бірлікте»

7 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте» атты мәдени-этнографиялық көпшілік шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6 этно-мәдени орталық өкілдері: «Ехпайрутюн» армян ЭМО-ның өкілі Дамилян Асмик, қырғыз
Жәрияланған уақыты: 16:224 қараша 2016
«Жыр сүлейі – Сәттіғұл»

Жыңғылды ауылы С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатта «Жыр сүлейі – Сәттіғұл» атты әдеби-көпшілік шара өткізілді. Кешен қызмет-кері М.Нәрешова Сәттіғұл ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндама оқыды. Оқушылар Ә.Жолаш
Жәрияланған уақыты: 10:342 қараша 2016
«Ағадан – ақыл, атадан – бата»

2 қараша күні «Ағадан – ақыл, атадан – бата» атты дәстүрлі ақындар кездесуі өтті. Шараға Маңғыстау ауданының белгілі ақындары И.Қосжан, Ә.Қонарбаев, Б.Байекеев, Г.Науырша, Е.Қорабаев,
Жәрияланған уақыты: 10:0429 қыркүйек 2016
«Мен Қалнияз деген күреңің!»

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде қазақтың жауынгер ақыны, Адайдың жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығына арналған «Мен Қалнияз деген күреңің!» атты әдеби-танымдық шара болып өтті. Шараға Қалнияз атаның тікелей
Жәрияланған уақыты: 23:384 маусым 2016
"Рәміздер күні"

4 маусым мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті (жоспардан тыс шара). Атаулы мерекеге Адай ата кесенесіне зияраттап келген бір топ астаналық заң қызметкерлерімен бірге белгілі ақын, кешен идеясының авторы Сабыр Адай
Жәрияланған уақыты: 11:342 маусым 2016
«Бала шақтан – болашаққа»

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала шақтан – болашаққа» атты шараға Шетпе селосының «Рахат» және «Ертөстік» балабақшалары ересектер тобының бүлдіршіндері қатысты.
Жәрияланған уақыты: 12:2021 мамыр 2016
«Өлке мақтаныштары»

«Өлке мақтаныштары» атты дәстүрлі шара қуыршақ театры әртістерімен (Ержан Бегашев, Бану Түстікбекова, Айгүл Айтыманова т.б.) кездесу.Мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай дәстүрлі «Өлке мақтаныштары» шара өткізілді.
Жыңғылды
Жәрияланған уақыты: 23:486 мамыр 2016
«Елім деп өткен есіл ер»

Совет Одағының батыры, жерлесіміз Мәди Бегеновтың 100 жылдығына арналған «Елім деп өткен есіл ер» атты мәдени-патриоттық шара өткізілді. Шараға батырдың туыстары мен Шетпе селосы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып
Жәрияланған уақыты: 17:3917 сәуір 2016
"Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығы"

Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығына байланысты ақынның өмірі мен поэзиясына арналған Шетпе кенті мектептері оқушыларымен кездесу шара ұйымдастырып, лекция оқу Бұл кездесу шараға А.Меңдалиев, Б.Жұмалиев және Н.Жұбаев атындағы орта мектеп оқушылары
Жәрияланған уақыты: 23:35
Соңғы хабарлар
13 маусым 2025
Кешен қызметкерлері Қызылөзен ауылы балаларына қызықты мереке жасады.
06 маусым 2025
Қызылөзен ауылы аспанында Шәмші әндері қалықтады.
03 маусым 2025
29 мамыр күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде "Түркі әлемінің тотемі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.