Халық емшілері Отпан тауда бас қосты.

18-cәуір күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Маңғыстау облысындағы халық емшілерімен облыс жұртшылығы және мектеп оқушыларының қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» атты этнографиялық-танымдық шара ұйымдастырылды. Кездесуге өлкемізге ғана емес республикаға белгілі халық емшілері де қатысты. Атап айтар болсақ: халқына қолынан келген қызметін жасап, көмегін ая-май, ауруларына шипа, дерттеріне дауа тауып келе жатқан кәсіби халық емшілері Қалнияз қажы Жанқұлов, Айша Оспанова, Оңайбек қажы Әбділов, Орынжан Әбдіжаппаров, Айман Әбдірақанова, Айна Қожықова, Асылжан Тайманұлы, Айнұр Асқарқызы, Ералиева Гүлшат және т.б. ел арасында енді танылып келе жатқан Балтабаев Омар, Шынаева Сәлима, Құлшабаева Қибат, Сандыбаева Гүлсім, Исмаилова Салтанат, Ашихқалиева Роза, Алибекова Таразы, Джардилова Сәуле, Досмағамбетова Ләйлә, Берді Карина, Аюпова Гулфара, Есқалиева Қаламқас, Қозыбаева Қарлығаш емшілер.

Шара мақсаты: Ел ішінде танымал халық емшілерін болашақ жас ұрпаққа таныстыру, тәлімін тыңдатып, тәжірибелерін болашақта пайдаға асыруға себеп болу. Халықтық медицина мен дәстүрлі медицинаның арасы жақындап, бірін-бірі толықтырып, бірге қимылдауға, халыққа барынша пайдасын тигізуге насихаттау.
Қасиетті де киелі қазақ жері қашаннан да бақсы-балгер, сынықшы-халпе, емші-тәуіптерден кенде болмаған. Небір қиын ауруларды шөппен, маймен-ақ емдеп жазатын емшілер, быт-шыт болып сынған сынықтарды бір сыйпап орнына келтіретін сынықшылар, халықтың қажетіне жараған халпелер Маңғыстау жерінде де жеткілікті болған.
Атап айтар болсақ есімі елге мәшһүр бектеміс Несібек, Нұр, құнанорыс Қожық, тоқабай Айтқұл, жаңай Асар мен оның баласы Жанқұл, жары Мүлкібай, Бегей Қыдырша Жылқыбайұлы, Жаңай Саназар Мәмбетұлы, Бөкен Мыңкісі Байсалұлы, Шоңай Бекбаулы Моншаұлы, Құнанорыс Қожық Сармағанбетұлы т.б. елге әйгілі емшілер, сынықшылар өткен Маңғыстауда.
Шараны мекеме директоры Нұрлан Мусаев ашып, кешенде осындай халыққа арналған танымдық шаралардың өтіп тұратынын айта келіп, халық емшілері мен келушілерге уақыт бөліп келгендері үшін алғыс айтып, еңбектеріне табыс тіледі. Шараны жүргізуші тарих бөлімінің меңгерушісі Ізімбергенова Құралай халық емшілерінен емшілік кәсіпті қалай үйрегені немесе киелі қасиет қалай қонғаны, емді қалай жасайтындары туралы сұрап, кезегімен сөз беріп отырды.
Сөз алған өлкемізге белгілі сынықшы, белгілі әнші Тамара Асардың әкесі Қалнияз Жанқұлов қалай сынық салуды үйренгенін, «Құрметті кәсіби халық емшісі» Оспанова Айша адамды емдеу кезінде олармен жылы сөйлесудің өзі ем екенін айтып, емшілікке байланысты шығарған кітаптарын кәсіби халық емшілерінің республикалық ассоциациасының жоғары мәртебелі «Ғасыр емшісі», Қазақстан Республикасы заң ғылымдары Академиясының академигі, Шығыс медицинасының дәрігері Оңайбек қажы Әбділов шығыс медицинасында қазақ емшілігінің орнын айта келіп, қазақ ханы Жәнібектің кезіндегі сарай емшісі керей Өтейбойдақтың «Шипагерлік баяны» қазір Қытайда халық емшілігі жөнінен 1-кітап саналатынын айтып өтті. Атақты Айдар ишанның ұрпағы Әбдіжаппаров Орынжан атасынан қалған мешітті ұстап, халыққа ем жасау сырларын айтса, атақты оташы құнанорыс Қожықтың ұрпағы Қожықова Айна көпшілікті атасынан қалған емшілік, оташылық құралдарымен таныстырды. Қазақстанға кеңінен танымал емші, сынықшы Есмурзина Айнұр емшіліктің қызығы мен қиындықтары қатар жүретінін, оның киелі де азабы көп әсіп екенін айтып өтті. Басқа емшілер де өз кезектерінде емшілікті қалай жолдас еткендері туралы айтып, берілген сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Шара соңында емшілер өздері жиі қолданатын емшіліктің қилы әдістерінен мастер-класс көрсетті.
Ақтау қаласы өнер мектебінің түлегі, талантты домбырашы Бүркіт Қадірәлі халық емшілерінің құрметіне қазақтың күйші-композиторларының бірнеше күйлерін және Т.Жалғасбайұлы атындағы Шайыр орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ақжол Тілеубай халық әндерін домбырамен нәшіне келтіре орындап берді.

 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 17:23  Оқылған саны: 8849




18 қараша 2015

«Өмірі өнерімен өрнектелген»
icon

18 қараша күні «Өмірі өнерімен өрнектелген» атты жергілікті қолөнер шеберлерімен кездесу өтті. Шараға өлкемізге белгілі қолөнер шеберлері – зергер Оразов Сағидулла, теріден  бұйымдар жасау шебері Елбаев

Жәрияланған уақыты: 17:29  

29 қазан 2015

"С.Шапағатовтың 75 жылдығы"
icon

29 қазан – белгілі қоғам қайраткері С.Шапағатовтың 75 жылдығына арналған мәдени-патриоттық көпшілік шара өтті. Шара «Адай ата – Отпан тау» кешеніндегі «Қарашаңырақ» нысанында өткізілді. Шараға С.Н.Шапағатовтың әріптес-серіктері, «Парасат»

Жәрияланған уақыты: 17:07  

21 қазан 2015

«Қойнауы тарих, шежірелі мекен – Маңғыстау»
icon

21 қазан күні  «Қойнауы тарих, шежірелі мекен – Маңғыстау» атты өлкетанушы, тарихшылармен кездесу өтті. Шара «Ақсарай» мұражайында өткізілді. Шараға өлкемізге белгілі өлкетанушылар Отыншы Көшбайұлы мен Нұрлан Құлбаев және Шетпе кентінің

Жәрияланған уақыты: 11:09  

8 қазан 2015

Pеспубликалық жастар форумы
icon

8 қазан күні облыс орталығы Ақтау қаласында өткен республикалық жастар форумына  Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар «Адай ата – Отпан тау» кешеніне арнайы келіп, Адай ата кесенесіне зиярат етіп, «Қарашаңырақта» бас қосып, кешен туралы, жастар және

Жәрияланған уақыты: 16:10  

19 қыркүйек 2015

«Қазақ хандығының құрылуы және ондағы Маңғыстаудың алатын орны»
icon

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойлық жылына байланысты «Қазақ хандығының құрылуы және ондағы Маңғыстаудың алатын орны» атты тарихи танымдық шара ұйымдастырылды. Бұл шара «Ақсарайда» жөндеу жұмыстары жүргізіліп

Жәрияланған уақыты: 16:54  

1 маусым 2015

«Балалар – еліміздің ертеңі» атты дәстүрлі мерекесі
icon

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты «Балалар – еліміздің ертеңі» атты дәстүрлі мерекелік шара болып өтті. Шараға Жыңғылды ауылы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің 4-5 сынып

Жәрияланған уақыты: 15:56  

29 мамыр 2015

«Отан қорғау – азаматтық парызың»
icon

«Отан қорғау – азаматтық парызың» атты Отан алдындағы азаматтық борышын адал өтеуге үндеу, батыр бабаларының рухын қастерлеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға әскер қатарына шақырылған азамат пен әскери қызметкер және ата-аналар барлығы 46

Жәрияланған уақыты: 16:54  

25 мамыр 2015

Мектеп бітірушілер Отпанда
icon

Отпанға биылғы мектеп бітірушілер келді. Олардың ішінде Әбіш Кекілбаев сияқты данышпанды ұшырып шығарған Шахта орта мектебінің түлектері де бар. Солардың ішінде екі жыр кітабының авторы, жас ақын Еділбек Дүйсенов  көзге ерекше ілінеді. Олар мұражайды

Жәрияланған уақыты: 13:06  

18 сәуір 2015

«Халықтар достығы – бірлікте»
icon

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте» атты мәдени-этнографиялық шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6  этно-мәдени орталық өкілдері,  «Қоғамдық келісім» МКМ қызметкерлері, Ақтау қаласы №13

Жәрияланған уақыты: 15:18  

18 сәуір 2015

«Ағадан – алғыс, атадан – бата»
icon

«Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты өлкемізге танымал аға буын ақындар мен жас ақындардың қатысуымен дәстүрлі әдеби-танымдық  шара ұйымдастырылды. Шараға  қала-аудандардан жиналған жас ақындар мен өлкемізге, елімізге 

Жәрияланған уақыты: 10:47  

2 сәуір 2015

«Менің Отаным – Қазақстан»
icon

2 сәуір күні  ҚР Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымшы білім беру және әдістемелік орталығының Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» МКҚК «Адай Ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Менің Отаным

Жәрияланған уақыты: 15:44  

2 сәуір 2015

«Менің Отаным – Қазақстан»
icon

2 сәуір күні  ҚР Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымшы білім беру және әдістемелік орталығының Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» МКҚК «Адай Ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Менің Отаным – Қазақстан»

Жәрияланған уақыты: 15:44  

5 наурыз 2015

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

5 наурыз күні кешенде халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара ұйымдастырлды. Шараға Шайыр ауылынан «Алтын алқа» иегерлері: көп балалы аналар шақырылып, Маңғыстау туризм колледжінің студенттері, Тұщыбек

Жәрияланған уақыты: 12:26  

25 ақпан 2015

"Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенттерімен кездесу"
icon

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенттеріне «Адай Ата – Отпан тау» т/т этно-мәдени орталығының салынуы және оның ұлттық идеологияны дамытудағы маңызы туралы «Отпан» кәсіпорны директорының орынбасары Д.Аралбаев, бөлім бастығы Ж.Айдарбек және

Жәрияланған уақыты: 16:25  

26 қараша 2014

«Атадан қалған асылды ардақтайық!»
icon

Қараша айының 26-сы күні киелі Отпан таудың етегінде «Атадан қалған асылды ардақтайық!» атты ат спорты мен саятшылыққа арналған спорттық-танымдық көпшілік шара өткізілді. Шараға жақында Шымкент қаласында өткен А.Асқаров атындағы жарыстың

Жәрияланған уақыты: 15:25  

11 қараша 2014

«Отанды қорғау – азаматтық парыз»
icon

Қарашаның 11 күні Маңғыстау ауданы, Ақтау қаласы әскери комиссариаты қызметкерлерінің қатысуымен Отан алдындағы борышын адал өтеу, батыр бабаларының рухын қастерлеу мақсатында шара ұйымдастырылды. Оларға ел ақсақалы бата беріп, «Ата жұрт

Жәрияланған уақыты: 10:00  

8 қазан 2014

«Ағадан – ақыл, атадан – бата»
icon

«Ағадан – ақыл, атадан – бата» атты шараға қатынасатын ақындардың көпшілігі бұл күні қатыса алмайтындығына  байланысты жылдың 2-ші жартысында 8 қазаны күні  «Адай ата – Отпан тау» тарихи, этно-мәдени орталығында өлкемізге танымал ақындар мен жас

Жәрияланған уақыты: 12:20  

11 қыркүйек 2014

"Қазақстан мұнайының ашылғанына 115 жыл"
icon

11 қыркүйек күні 2014 жыл «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени  орталығында Қазақстан мұнайының ашылғанына 115 жыл толуына орай Маңғыстаудың ардагер мұнайшылары Әлібаев Көшербай, Сүйіндіков Ізтұрған және Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы

Жәрияланған уақыты: 16:24  

27 маусым 2014

"Алшын Меңдалиевтің туғанына 120 жыл"
icon

Маусымның 27-де Ақсарай мәжіліс залында өткен шежіреші, тарихшы Алшын Меңдалиевтің туғанына 120 жыл толуына байланысты кездесу кеші және көрме жасақтау шараға өлкемізге белгілі ардагер-ақсақал азаматтармен кездесу ұйымдастырылды.

Жәрияланған уақыты: 12:41  

31 мамыр 2014

«Балалар – еліміздің ертеңі»
icon

31 мамырда 1 маусым халықаралық балалар күніне орай «Балалар – еліміздің ертеңі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Кәсіпорын қызметкерлері Райса Қаржаубаева мен Құралай Ізімбергенованың басшылығымен Ақсарай алаңында команда аралық және

Жәрияланған уақыты: 14:56  

20 мамыр 2014

«Өлке мақтаныштары»
icon

20 мамырда «Өлке мақтаныштары» атты мәдениет қызметкерлері күндеріне орай мерекелік шара ұйымдастырылып, оған Маңғыстау облысы өнер колледжінің 2 курс студенттері мен ұстаздары қатысты.Шараға шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген

Жәрияланған уақыты: 12:18  

18 сәуір 2014

«Отпан тау – киелі тау» атты жылжымалы көрме
icon

15-18 сәуір аралығында Маңғыстау ауданы: Жармыш, Онды, Ұштаған, Бекі елді мекендерінде орналасқан мектептерге үгіт-насихат жұмысымен «Отпан» кәсіпорны қызметкерлері:Қ.Ізімбергенова, Р.Қаржауба-ева іс сапармен барып қайтты. Сапар барысында

Жәрияланған уақыты: 16:18  

8 сәуір 2014

«Менің Отаным – Қазақстан» атты облыстық туристтік экспедициялық жасақтардың слеті
icon

8 сәуір күні  ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымшы білім беру және әдістемелік орталығының Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымшы білім беру орталығы МКҚК «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени

Жәрияланған уақыты: 12:48  

6 наурыз 2014

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

6 наурыз күні  «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында халықаралық әйелдер күніне арналған 6 наурыз күні  «Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар –

Жәрияланған уақыты: 14:32