"Құсбегі Арон Оспанғалиевпен кездесу"

2013 жылдың қазан айының 7-күні Отпан таудағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің  ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек қылып, өздігімен ізденіп, үйреніп, өлкемізде құсбегілікті, саятшылықты дамытуға атсалысып жүрген Шетпе кентінің тұрғыны Оспанғалиев Аронмен кездесу болды. Арон Оспанғалиев 1975 жылы Шетпе кентінде дүниеге келіп, 1992 жылы Алшын Меңдалиев атындағы №3 орта мектепті бітірген. Құсбегілікпен айналысқанына 3 жылдай уақыт болған.

Осы жылдың ақпан айында Тараз қаласында өткен «Қауырсын» құсбегілер клубының 30 жылдығына арналған республикалық құсбегілер сайысында жүлделі 3 орынға ие болған. Кездесуді «Отпан» кәсіпорны тарих бөлімінің меңгерушісі Жомарт Айдарбек  ашып, құсбегілік, саятшылық жөнінде қысқаша әңгімелеп, сөз кезегін қонаққа берді. 

Құсбегі саят құстарының қандай түрлері болатынын, оларды қалай ұстап, қалай қолға үйрету керектігін, жемдеу, түлекке отырғызу, аңға салу сияқты машықтарын қалай іске асыру керектігін айтып, таныстырып өтті. Кездесу соңынан құсбегі  үйреткен ителгісімен шырғаға түсіру, ұшырып қолға шақырып қондыру әдістерін көрсетті. Кездесу өте қызғылықты өтті. Қонаққа «Отпан» МКҚК қызметкері Құралай Ізімбергенова кәсіпорын атынан естелік сый тапсырды.
 

Жәрияланған күні: 7 қазан 2013Жәрияланған уақыты: 12:06  Оқылған саны: 3938




7 ақпан 2014

«Сазгерлер сыры»
icon

7 ақпан күні  «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде өлкемізге белгілі сазгерлер – балалар ақыны, әдіскер-мұғалім Көмек Ыбыраев және балалар жазушысы Ерекен Қорабаевтың, Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп пен

Жәрияланған уақыты: 15:32  

12 желтоқсан 2013

«Тәуелсіздік – алтын тұғырым»
icon

Бұл күні Ақсарай мұражайында тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай «Тәуелсіздік – алтын тұғырым» атты мәдени шара өткізілді. «Отпан» кәсіпорны және Түпқараған ауданы, Таушық ауылы Шахта орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі бұл шараға,

Жәрияланған уақыты: 12:54  

9 қараша 2013

«Еліміздің болашағы – жастар»
icon

«Еліміздің болашағы – жастар» атты әдеби-танымдық кеш. Қараша айының 9 жұлдызында ұйымдастырылған бұл шараға, облыстағы барлық аудан, қалалардан жас ақындар мен жастар саясаты жөніндегі бөлімдер өкілдерінің, республикаға белгілі ақындар: Әзірбайжан

Жәрияланған уақыты: 12:26  

7 қазан 2013

"Құсбегі Арон Оспанғалиевпен кездесу"
icon

2013 жылдың қазан айының 7-күні Отпан таудағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің  ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек

Жәрияланған уақыты: 12:06  

21 қыркүйек 2013

"Ақтау қаласының 50 жылдығы"
icon

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата

Жәрияланған уақыты: 12:32  

1 шілде 2013

«Бала – ертеңіміздің иесі»
icon

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық  мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.

Жәрияланған уақыты: 12:10  

24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40