«Атадан қалған асылды ардақтайық!»

Қараша айының 26-сы күні киелі Отпан таудың етегінде «Атадан қалған асылды ардақтайық!» атты ат спорты мен саятшылыққа арналған спорттық-танымдық көпшілік шара өткізілді. Шараға жақында Шымкент қаласында өткен А.Асқаров атындағы жарыстың қола жүлдегері «Адай Ата» командасы мен облыстық ат спорты  мектебінің түлектері, Маңғыстау ауданы, Отпан ауылдық округы әкімшілігінің қызметкерлері, Таушық ауылы Шахта орта мектебінің, Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы орта т.б. мектептердің оқушылары, ат спорты мен саят өнерінің жанкүйерлері мен жанашырлары қатысты.

Шараны «Отпан» МКҚК-нің бөлім меңгерушісі, ат спортының, саят өнерінің жанашыры Жомарт Айдарбек жүргізіп, беташар сөзді Маңғыстау ауданының әкімінің орынбасары Ерболат Махмутов алып, ауданда өткізіліп жатқан түрлі көпшілік шараларға «Отпан» МКҚК да өз үлесін қосып жатқанын, бүгінгі өткізіліп жатқан шараның Елбасының биылғы «Нұрлы жол» жолдауын бүкілхалықтық қолдаумен үндес екенін, аудан орталығында осымен қатар  бүгін үлкен мәдени шара өтіп жатқанын атап өтті. 

«Отпан» МКҚК тарих бөлімінің меңгерушісі Данияр Аралбайұлы «Отпан» мекемесі құрылғаннан бері көптеген ұлтымыздың тарихи, рухани мәдениетін дамыту бағытында көптеген мәдени, танымдық, патриоттық көпшілік шаралар өткізіп келе жатқанын, соның бірі бүгінгі шара екенін атап өтті. Додаға көкпардан ҚР спорт шебері, облыстық ат спорты түрлері мектебінің жаттықтырушысы Кенжебеков Бақытжан төрелік етті. Көкпардан соң аударыспақ, теңге ілу түрлеріне кезек берілді.

 Бұл ойындарға Түпқараған аудандық ат спорты түрлерінің бас жаттықтырушысы, республи-калық дәрежедегі жаттықтырушы Әлекен Бөлтеков төрелік етті.  Көкпар тартысы жүріп жатқан кезде облыстық ат спорты мектебінің директоры, республикалық дәрежедегі жаттықтырушы Қанағат Сүйебаев оқушыларға көкпар ойынының тәртібі туралы айтып отырды. Саятшы, құсбегілер Өтеғалиеа Мереке және Есжанов Ертіс өздерінің бүркіті мен қаршығасын әкеліп, жиналған жұртшы-лыққа таныстырып, құсбегілік туралы айтып берді.

 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 15:25  Оқылған саны: 13736




7 ақпан 2014

«Сазгерлер сыры»
icon

7 ақпан күні  «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде өлкемізге белгілі сазгерлер – балалар ақыны, әдіскер-мұғалім Көмек Ыбыраев және балалар жазушысы Ерекен Қорабаевтың, Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп пен

Жәрияланған уақыты: 15:32  

12 желтоқсан 2013

«Тәуелсіздік – алтын тұғырым»
icon

Бұл күні Ақсарай мұражайында тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай «Тәуелсіздік – алтын тұғырым» атты мәдени шара өткізілді. «Отпан» кәсіпорны және Түпқараған ауданы, Таушық ауылы Шахта орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі бұл шараға,

Жәрияланған уақыты: 12:54  

9 қараша 2013

«Еліміздің болашағы – жастар»
icon

«Еліміздің болашағы – жастар» атты әдеби-танымдық кеш. Қараша айының 9 жұлдызында ұйымдастырылған бұл шараға, облыстағы барлық аудан, қалалардан жас ақындар мен жастар саясаты жөніндегі бөлімдер өкілдерінің, республикаға белгілі ақындар: Әзірбайжан

Жәрияланған уақыты: 12:26  

7 қазан 2013

"Құсбегі Арон Оспанғалиевпен кездесу"
icon

2013 жылдың қазан айының 7-күні Отпан таудағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің  ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек

Жәрияланған уақыты: 12:06  

21 қыркүйек 2013

"Ақтау қаласының 50 жылдығы"
icon

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата

Жәрияланған уақыты: 12:32  

1 шілде 2013

«Бала – ертеңіміздің иесі»
icon

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық  мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.

Жәрияланған уақыты: 12:10  

24 мамыр 2013

«Менің Қазақстаным»
icon

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық

Жәрияланған уақыты: 12:17  

18 наурыз 2013

«Наурыз шашуы»
icon

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық

Жәрияланған уақыты: 12:34  

5 наурыз 2013

«Аналар – ошақ бақыты»
icon

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім  Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері

Жәрияланған уақыты: 22:20  

8 сәуір 2010

«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»
icon

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.

Үгіт-насихат тобы

Жәрияланған уақыты: 14:40