Амал мерекесі атап өтілді.
Биылғы Амал мерекесі әу баста түркі тілдес мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен халықаралық деңгейде өтеді деп айтылған болатын. Дегенмен қоғам белсенділерінің сұрауымен, жергілікті биліктің шешімімен тағы да шектеулі жағдайда өтті. 13 наурыз күні Қарашаңырақ ғимаратында Бұзау ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен, облыс әкімінің және бір топ қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, Сегіз арыс ұйымдастыру өкілдерінің қатысуымен аталып өтті. Алғаш құттықтау сөзді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев алып, қазіргі қиын кезеңде халқымызға бірлік ауадай қажет екенін, Амал мерекесі де сол үшін қызмет ететінін сөзіне арқау етті. Кезегімен белгілі мемлекет қайраткері, философия және филология ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбаев, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ақын Ғалым Әріп сөйлеп Амал мерекесінің тарихына, маңызына, халық пен қоғам үшін қажеттілігіне тоқталып өтті. Содан кейін қалыптасқан дәстүр бойынша қатысушылармен бірге Бұзау ата ұрпақтары Отпан тау басындағы Адай ата кесенесіне зиярат етіп, Ұран От тұғырында Бірлік отын лаулатты.
14 наурыз күні кешен қызметкерлері жоспарға сай Амал мерекесіне орай салт-дәстүрімізге арналған шаралар өткізді. Шараға ҚР еңбегі сіңген қайраткер, ақын Сабыр Адай, қоғам белсендісі Әділхан Аманжол, кешен ардагері Данияр Аралбаев, облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мен қари Ахлиддин Асқар қатысты.
Шара келген қонақтар мен кешен қызметкерлерінің "Сәлем- сөздің атасы" дегендей Маңғыстау өңіріне сай көрісуден басталып, ерекшеліктері көрсетілді. Келесі шарада мекеме қызметкері Жомарт Айдарбек пайғамбар сүннетіне, ата салтына сай нәрестеге азан шақырып, ақын Сабыр Адай ата-аналарының ұйғаруымен бөбектің атын Абдулазиз қойды. Бас имам Әнуар қажы бөбекке ата жолымен бата берді. Сонан соң нәрестені бесікке салып, қатысушылар мен қонақтарға Амалдың ақ дәмінен татырды. Дәстүрге сай ас қайырылып, Ахлиддин қари аталар рухына құран бағыштады.
Шараға ұйытқы болған Таушық ауылынан келген Төрәлиевтер әулеті шараны ұйымдастырушы кешен ұжымына және қатысушыларға шексіз алғыс айтып, ата дәстүрімен тиісті тартуларын тартты. Шараға Алматы қаласынан Амалға арнайы келген бір топ журналист және археолог азаматтар да осы шараға тәнті болып, тамашалап, разылықтарын жеткізді. Көп жылдардан бері жаумаған амалдың ақша қары да жақсылықтың нышанындай себелеп тұрды.
7 ақпан 2014
«Сазгерлер сыры»

7 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде өлкемізге белгілі сазгерлер – балалар ақыны, әдіскер-мұғалім Көмек Ыбыраев және балалар жазушысы Ерекен Қорабаевтың, Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп пен
Жәрияланған уақыты: 15:3212 желтоқсан 2013
«Тәуелсіздік – алтын тұғырым»

Бұл күні Ақсарай мұражайында тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай «Тәуелсіздік – алтын тұғырым» атты мәдени шара өткізілді. «Отпан» кәсіпорны және Түпқараған ауданы, Таушық ауылы Шахта орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі бұл шараға,
Жәрияланған уақыты: 12:549 қараша 2013
«Еліміздің болашағы – жастар»

«Еліміздің болашағы – жастар» атты әдеби-танымдық кеш. Қараша айының 9 жұлдызында ұйымдастырылған бұл шараға, облыстағы барлық аудан, қалалардан жас ақындар мен жастар саясаты жөніндегі бөлімдер өкілдерінің, республикаға белгілі ақындар: Әзірбайжан
Жәрияланған уақыты: 12:267 қазан 2013
"Құсбегі Арон Оспанғалиевпен кездесу"

2013 жылдың қазан айының 7-күні Отпан таудағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек
Жәрияланған уақыты: 12:0621 қыркүйек 2013
"Ақтау қаласының 50 жылдығы"

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата
Жәрияланған уақыты: 12:321 шілде 2013
«Бала – ертеңіміздің иесі»

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.
Жәрияланған уақыты: 12:1024 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды