Сән үлгісі - көркем мінез
4 мамыр күні "Отпан" МКҚК ұйымдастыруымен "Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Сән үлгісі - көркем мінез" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киімдер шеруі өтті. Шараның мақсаты қазақтың түрлі стильдегі ұлттық киімдерін және көпшіліккке көрінбей жүрген жергілікті шеберлер мен олардың өнімдерін насихаттау болатын. Қонақтар мен көрермендерге республикаға, облысқа танымал сән ательелері мен жеке шеберлер туындыларының топтамасы таныстырылды. Дефилеге Маңғыстау ауданы мен Ақтау қаласынан "Ақбөбек" ательесі (жетекшісі Ақбөбек Аязханқызы), "Жібек жолы" ательесі (жетекшісі Айнұр Таңбайқызы), " Өнер" ательесі (жетекшісі Феруза Оразғұлқызы), " Сая" ательесі (жетекшісі Сая Жолдасқызы) және республикаға танымал балбармақ шебер Әуес Сағынаева қатысты. Шара барысында қатысушылар мен кешен қызметкерлерінің қатысуымен көрермендерге ән-жырдан шашу шашылды.
Ұлттық киімдерімізді дәріптеуге бар күш-жігерлері мен мүмкіндіктерін салған кешен қызметкерлерінің бұл шарасына алыс-жақыннан келген қонақтар (Астана, Қарағанды, Жамбыл, Алматы және т.б.) үлкен ықыласпен алғыс айтып, ризалық пейілдерін білдірді.
Шараға қатысқан бүкіл көрермендердің атынан ательелердің жетекшісі мен қызметкерлеріне үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Көздің жауын алар ұлттық киімдеріміздің дәстүрлі қалпын сақтай отырып, заманауи түрге еніп, қай адамның да сымбаты мен ажарын аша түсері сөзсіз.
Сондықтан үнемі ұлттық құндылықтарды насихаттап, ұмыта бастағандарыңызды еске түсіріп, ескіргенді жаңғыртып, өшкенді жандырып, дамытуға арналған шараларды көргіңіз, қазақ екеніңізді сезінгіңіз келсе "Адай ата - Отпан тау" кешенін назардан тыс қалдырмаңыз, АҒАЙЫН!
7 ақпан 2014
«Сазгерлер сыры»

7 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде өлкемізге белгілі сазгерлер – балалар ақыны, әдіскер-мұғалім Көмек Ыбыраев және балалар жазушысы Ерекен Қорабаевтың, Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп пен
Жәрияланған уақыты: 15:3212 желтоқсан 2013
«Тәуелсіздік – алтын тұғырым»

Бұл күні Ақсарай мұражайында тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай «Тәуелсіздік – алтын тұғырым» атты мәдени шара өткізілді. «Отпан» кәсіпорны және Түпқараған ауданы, Таушық ауылы Шахта орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі бұл шараға,
Жәрияланған уақыты: 12:549 қараша 2013
«Еліміздің болашағы – жастар»

«Еліміздің болашағы – жастар» атты әдеби-танымдық кеш. Қараша айының 9 жұлдызында ұйымдастырылған бұл шараға, облыстағы барлық аудан, қалалардан жас ақындар мен жастар саясаты жөніндегі бөлімдер өкілдерінің, республикаға белгілі ақындар: Әзірбайжан
Жәрияланған уақыты: 12:267 қазан 2013
"Құсбегі Арон Оспанғалиевпен кездесу"

2013 жылдың қазан айының 7-күні Отпан таудағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек
Жәрияланған уақыты: 12:0621 қыркүйек 2013
"Ақтау қаласының 50 жылдығы"

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата
Жәрияланған уақыты: 12:321 шілде 2013
«Бала – ертеңіміздің иесі»

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.
Жәрияланған уақыты: 12:1024 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды