Шетел білімі – Отан игілігіне
Ақпан айының 16 күні «Адай ата
– Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Шетел білімі – Отан игілігіне» атты
шетелде оқып, елімізде қызмет жасап жүрген жас мамандар мен мектеп бітіргелі
отырған оқушыларға арналған кездесу өтті. Шараға Қытай мұнай университетінің
түлектері: «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның қызметкері Ерсұлтан Исламов мен «Си Бу»
компаниясының инженері Саламат Айдарбек, Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық
университеттің түлегі және «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің қызметкері Махаббат
Жубанисова және
Жыңғылды ауылындағы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары қатысты.
Шараның басында кешеннің көпшілік-экскурсия
бөлімінің меңгерушісі Ж.Айдарбек кешен тарихы және кешенде өткізілген шаралар
туралы қысқаша тоқталып, келуші жас мамандарға жұмыстарында табыс тіледі. Содан
соң шетел оқу орнын бітірген жас мамандарға кезек берілді. Мамандар кезегімен
оқушылар алдына шығып, дайындалған слайдтар бойынша оқушыларға университетте
оқып жүрген кезеңдерінен әдемі әңгіме өрбітті. Соңынан оқушылар қонақтарға
өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір бөлісіп, шетелде оқу туралы
көптеген мағлұматтар алды. Шара соңынан қонақтарға кәсіпорын атынан ескерткіш
сыйлықтар тарту етілді.
Енді шараға қатысқан маман жастарды таныстырып өтейік:
Исламов Ерсұлтан Ғұбайдұллаұлы 1994 жылы туған. 13
мектеп-гимназиясын 2009 жылы тәмамдап, Қытай Халық Республикасында 2009 – 2011
жылдар аралығында қытай тілін меңгеріп, 2011 жылы Қытай Мұнай Университетіне
«Мұнай ісі» мамандығына түсіп, 2015 жылы бітірді. Бүгінгі күнде «Қаражанбасмұнай»
АҚ компаниясының қызметкері. Ол өзі дайындаған «Қытайда оқып жүр, талай қазақ
баласы...» деген слайд-презентациясын оқушыларға таныстырып, қызықты әңгімелеп
берді.
Айдарбек Саламат Жомартұлы 1992 жылы туған. 2011
жылы Маңғыстау политехникалық колледжін «Автоматика және басқару жүйелері»
мамандығы бойынша бітіріп, сол жылы Қытай мұнай университетінің «Геология,
мұнай барлау» факультетіне түсіп, 2016 жылы бітірді. Қазіргі күнде Маңғыстаудағы
«Си Бу» компаниясында инженер болып істейді.
Жубанисова Махаббат Нұржанқызы 1997 жылы туған.
2004 – 2015 жылдары Мұнайлы ауданының №1 орта мектебін оқып, бітірген. 2015 –
2019 жылдары Алматы облысындағы Сүлеймен Демирель атындағыуниверситетін
«Журналистика мамандығы бойынша оқып жатыр. 2019 жылдың қаңтар айынан
«Маңғыстау Медиа» ЖШС-де қызмет істейді.
7 ақпан 2014
«Сазгерлер сыры»

7 ақпан күні «Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешенінде өлкемізге белгілі сазгерлер – балалар ақыны, әдіскер-мұғалім Көмек Ыбыраев және балалар жазушысы Ерекен Қорабаевтың, Жыңғылды ауылының Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп пен
Жәрияланған уақыты: 15:3212 желтоқсан 2013
«Тәуелсіздік – алтын тұғырым»

Бұл күні Ақсарай мұражайында тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай «Тәуелсіздік – алтын тұғырым» атты мәдени шара өткізілді. «Отпан» кәсіпорны және Түпқараған ауданы, Таушық ауылы Шахта орта мектебі басшылығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі бұл шараға,
Жәрияланған уақыты: 12:549 қараша 2013
«Еліміздің болашағы – жастар»

«Еліміздің болашағы – жастар» атты әдеби-танымдық кеш. Қараша айының 9 жұлдызында ұйымдастырылған бұл шараға, облыстағы барлық аудан, қалалардан жас ақындар мен жастар саясаты жөніндегі бөлімдер өкілдерінің, республикаға белгілі ақындар: Әзірбайжан
Жәрияланған уақыты: 12:267 қазан 2013
"Құсбегі Арон Оспанғалиевпен кездесу"

2013 жылдың қазан айының 7-күні Отпан таудағы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау туризм колледжі студенттерінің ата-бабамыздан келе жатқан төл өнер –құсбегілікті өміріне өзек
Жәрияланған уақыты: 12:0621 қыркүйек 2013
"Ақтау қаласының 50 жылдығы"

20-21 қыркүйек күндері Маңғыстау облы-сының 40 жылдығы, Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау ауданының 85 жылдығына орай Отпан таудың етегінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараға жиналған өлке тұрғындары және басқа да қонақтар «Адай Ата
Жәрияланған уақыты: 12:321 шілде 2013
«Бала – ертеңіміздің иесі»

Балаларды қорғау күніне байланысты «Бала – ертеңіміздің иесі» атты патриоттық мәдени шара өткізілді.«Адай Ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында шара ұйымдастырылды.
Жәрияланған уақыты: 12:1024 мамыр 2013
«Менің Қазақстаным»

24 мамыр күні облыстық, және Маңғыстау аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, әскер қатарындағы сарбаздар, әскер қатарына шақырылған жастар және олардың ата-аналары, 11 сынып оқушылары, еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық
Жәрияланған уақыты: 12:1718 наурыз 2013
«Наурыз шашуы»

18 наурызда Жыңғылды елді мекенінің «Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың» оқушыларына арнап,«Наурыз шашуы» атты этнографиялық шара өткізілді.Тек Евразия құрлығына емес бүкіл әлемге танылған Наурыз мейрамы туралы түсінік беріліп, этнографиялық
Жәрияланған уақыты: 12:345 наурыз 2013
«Аналар – ошақ бақыты»

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара өткізілді. Шараға Жыңғылды ауылынан халық емшісі, көп балалы ана М. Ержанова, «Алтын алқа» иегері зейнеткер мұғалім Ә. Бекмағұлова, көп балалы ана, медицина саласының зейнеткері
Жәрияланған уақыты: 22:208 сәуір 2010
«Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық»

Отпан» кәсіпорнының «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» атты үгіт-насихат тобы бекітілген кестеге сәйкес сәуір айының 6-8 жұлдызы аралағында іссапармен Түпқараған ауданына барып қайтты.
Үгіт-насихат тобы
Жәрияланған уақыты: 14:40
Соңғы хабарлар
15 наурыз 2025
Отпан тауда Амал мерекесі халықаралық деңгейде өтті
10 наурыз 2025
"Өмірдің нәрі — әлемнің бәрі"
01 наурыз 2025
Ұлы күйші ұлықталды